Мотоциклді де заңсыз айдауға болмайды

image.png

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен өңір полицейлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп келеді. Осындай кезекті рейдтік іс-шаралар барысында Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері жүргізуші куәлігінсіз мас күйде мотоцикл басқарған тұрғынды ұстады. 

Тәртіп сақшылары сағат 21:00 шамасында қала көшелерін патрульдеп келе жатып, «Урал ЗМ66» маркалы мотоциклін тоқтатады.Көлік иесінің құжаттарын тексере келе, оның 2020 жылы қаңтар айында Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы “жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру” бойынша кінәлі деп танылып, жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғанын анықтады. Осыған қарамастан жол ережесін бұзған жүргізуші заңсыз әрекетін қайталап, екінші рет мас халде көлік басқарған. Яғни жүргізушіге жүргізілген медициналық зерттеудің қорытындысына сәйкес, оның мас халде екені расталды.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 346-бабы “көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру” бойынша тіркелді. Жүргізушінің бас шарасы қолхатта.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға ішімдік ішіп, көлікке отырмаңыздар деп ескертеді. Одан бөлек жол қауіпсіздігі ережесін сақтап, жылдамдықты асырмай, тиісті заң талаптарын орындауға шақырады. Бірінші кезекте жүргізушілерге өз өмірлеріңізді, бас амандықтарыңызды ойлауға шақырады. Сондай-ақ үйіңізде жақындарыңыз күтіп отырғанын ұмытпауға кеңес береді.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Мотоциклді де заңсыз айдауға болмайды