Есірткі сатып ұсталды

марихуанавспичке.jpg

Түркістан облысында карантин кезінде құқықбұзушылықты болдырмау, заңбұзушылықтың алдын алу туралы бойынша тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті қадағалауды күшейтті. Осы бағыттағы рейдтік және түсіндіру шаралары барысында Мақтаарал ауданынның тәртіп сақшылары есірткі сатқан жергілікті күдіктіні ұстады. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Мақтаарал аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері ауыл тұрғындарының біріне 5 мың теңгеге ішінде есірткісі бар сіріңке қорапшасын сатқан ер адамды құрықтады. Айғақты зат ретінде жедел уәкілдер сіріңке қорабын алып, сараптамаға жіберді. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі затының салмағы 3 гр марихуананы құрады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері егер, сіз кезекті тәртіп бұзушылықтың, қоғамдық орында болған құқықбұзушылықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіздер деп ескертеді.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Есірткі сатып ұсталды