Дәріден пайда іздеп жазаға тартылды

препарат.jpgМемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс әкімінің талабымен Түркістан өңірінде дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды жоғары бағамен заңсыз сату фактілерін анықтау мақсатында профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізу күшейтілді. Бұл бағытта Келес ауданында жергілікті әкімдік қызметкерлері мен полиция мамандары, жастар орталығы және мүдделі орган өкілдері бар мобильдік топ бірлесіп, дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды жоғары бағамен заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша кезекті рейдтік іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде Келес ауданы ауылдарының бірінде дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактісі анықталды.

Жергілікті тұрғын үйінің жанынан заңсыз дәріхана ашып, фармакологиялық қызметпен айналысуға тиісті лицензиясы жоқ бола тұра, дәрі-дәрмек сатумен айналысқан. Жалпы алғанда мобильдік топ сатушыдан 96 түрлі дәрі-дәрмекті (нистатин, мупобел, цилестердем, гидрокортизон және басқалар), барлығы 5 қораппен алды. Бұл жайт Келес аудандық Полиция бөлімінде тіркелді.
Жинақталған материалдарды полицейлер заңды шешім қабылдау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберді.
Түркістан облысының полицейлері карантин кезеңінде дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың 50 фактісі анықтап, 5 мыңнан астам дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар тәркіледі.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Дәріден пайда іздеп жазаға тартылды