Құрылыс құралдарын ұрлап, қылмысты болды

строматер.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен тәртіп сақшылары тұрғындар арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын күшейтсе де ұрлық азаймай емес. Түлкібас ауданының полицейлері құрылысқа қажетті құралдарды ұрлаған күдіктіні ұстады.

Түлкібас аудандық Полиция бқліміне жергілікті тұрғын арызданып, түнгі уақытта жаздық үйінде тұрған бірнеше құрылысқа қажетті құрал-жабдықтарын (дрель, болгарка, сварка аппараты, бензопила) белгісіз тұлға ұрлап кеткенін жеткізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады.

Аудандық полицейлер қылмысты ашып, күдіктіні ұстау мақсатында тез арада әрекет етті. Тәжірибелі полиция қызметкерлерінің бірқатар жедел іс-шара жүргізу барысында күдіктінің жеке-басы анықталды. Полицейлер қылмыстың ізін-суытпай бір тәулік ішінде ашып, күдіктіні ұстады. Ол жәбірленушінің танысы болып шықты. Осылайша бұрын сотты болған, Шымкент қаласының тұрғыны Түлкібас АПБ-не жеткізілді.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті құрылыс жабдықтарын ұрлаған соң, оның жарты бөлігін 30 мың теңгеге сатып жіберген. Бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тргеу амалдары жүргізілуде.