Полиция тұрғындарды тәртіп бұзбауға шақырады

полтус.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен Полиция департаменті тәртіп сақшыларынан арнайы мобильдік топтар құрып, өңір тұрғындарын карантин талаптарын бұзбауға шақырып, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүйелі жүргізуде. Полицейлер арнайы рейдтер ұйымдастырып, карантинде қоғамдық тәртіпті қадағалауды күшейтуде.  

Сайрам аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлерінен құрылған мобильдік топтар аталмыш іс-шаралар барысында, белгіленген мерзімде 309 алқаптар мен ғимараттарға тексеру жүргізді. Оның ішінде 15 алаң, 14 саябақтар мен скверлер, 12 сауда ойын-сауық орталықтары мен кешенді балалардың ойын алаңдары, 15 адамдар жаппай жиналатын (азық-түлік, киім-кешек, мал базарлары), 58 азық-түлік дүкендері мен жәрмеңкелер, 1 халыққа қызмет көрсету орталығы, 11 спорт кешені, 31 қоғамдық көлік, 13 компьютерлік клубы, 3 мәдени объекті, 8 банкет залы, 43 кафе, 13 сұлулық салоны, 13 демалыс орны, 41 діни объекті тексеріліп, карантиндік режимді сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, шектеу шаралары бойынша 84 тұлға тексерілді. Тексеру барысында ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабы «Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау» бойынша 31 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, ескерту жасалынды.

Ал, Созақ АПБ-нің қызметкерлері карантин кезінде аудан бойынша 250-ден астам азық-түлік дүкені, 1 базар, 2 сауда-үйі, 3 көлік бөлшектерін сататын орындар, 15 шаштараз, 5 желімдеу орындары, 6 автожуу орындары, 1 фитнес орталық, 5 саябақ, 13 монша тесеріліп, жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тәртіп сақшылары өңір тұрғындары арақашықтық пен бетперделік режимді сақтауға, көп адам жиналатын іс-шаралар, той-жиындарды өткізбеуге шақырады.