Түркістанда қарасора егістігі жойылды
Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен тәртіп сақшылары есірткі еккендерге қарсы іс-қимыл шараларын күшейтіп, өңірдегі барлық қала, аудандарда рейдтік шараларды жүргізіп, есірткімен айналысқан, оны сатқан және тасымалдаған құқық бұзушыларға қатысты жедел алдын алу шараларын іске асыруда. Кезекті рейд барысында Полиция депатаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора-2020" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыс орталығының аумағынан қарасора егістігін анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, полиция қызметкерлері Түркістан қаласындағы үйлердің бірінің ауласынан өзіне тән иісі хош иісі бар, есірткі заты өсімдігінің түптерін тапты. Тінту кезінде жедел уәкілдер күдіктіден яғни бұрын сотты болған жергілікті тұрғыннан, 7 түп қарасораға ұқсас есірткі алды. Тәртіп сақшылары айғақты заттарды сараптамаға жіберді.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша СДТТБТ-да тіркелді. Күдікті істің толық мән-жайын анықтау үшін полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлерімен күдіктінің үйінде есірткі заты бар түптерді қандай мақсатпен өсіргені анықталуда.