Заңсыз құм өндірушілер ұсталды

98.jpg

Түркістан облысы әкімінің жер қойнауын заңсыз пайдаланушылардың жолын кесу туралы тапсырмасымен өңірде тәртіп сақшылары қырағылықты күшейтті. Отырар ауданында рейдттік шара барысында анықталған заңсыз құм өндіру фактісі соның айғағы.

"Таза Қазақстан" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облыстық Полиция департаментінің Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар, сондай-ақ карантин кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Соның бірінде тәртіп сақшылары Отырар ауданындағы рейдтік іс-шаралар барысында табиғатты қорғау инспекциясымен бірлесіп, ауылдардың бірінің жанында заңсыз құм өндірген және тасымалдаған жергілікті тұрғындарды ұстады. Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушылардан құмы бар екі жүк көлігі мен жүк тиегішті айғақты зат ретінде тәркіледі. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 334-бабы "Жер қойнауын өз бетінше пайдалану" бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары жүк көліктері мен экскаваторды айыптұрағына қойды. Жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберіледі.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды табиғат қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Заңсыз құм өндірушілер ұсталды