Көлік тонаған күдіктіні тез ұстады

image.png

Шардара ауданында көлік тонаған ұрыны тәртіп сақшылары тез арада қолға түсірді. Ол бұрын бірнеше рет ұрлық жасап сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.

Аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған жәбірленушінің айтуынша, ол үйіне кіріп-шығамын дегенше көше бойын қалдырған көлігіндегі 50 мың теңге ақшасы мен флеш картасының жоқ екенін байқаған. Ақшасы ұрлағанын білгеннен кейін, полицейлерден көмек сұраған. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді.

Орын алған ұрлықты ашу мақсатында аудандық полицейлер шұғыл әрекетке көшті. Тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Көрген-білгендер жауап алынып, бейнебақылау камералары тексерді. Нәтижесінде күдікті анықталып, орталық көшелердің бірінен ұсталды. Тергеу барысында анықталғандай оңай жолмен ақша тапқысы келген күдікті көшеде ешкім жоқтығын пайдаланып, білдіртпей көліктің ашық тұрған терезесі арқылы ақшаны жымқырған. Ол өз кінәсін толық мойындады. Ақшаны қажеттілігіне жұмсап жібергені белгілі болды. Айғақты зат ретінде флеш карта алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Көлік тонаған күдіктіні тез ұстады