Құтырма ауруы – аса қауіпті дерт

Құтырма - вирус арқылы таралатын, тез өрбитін қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру, адам баласына өте ерте заманнан таныс болғанымен, әлі күнге дейін ауруды тудыратын қоздырғышқа тікелей әсер ететін емі жоқ.

IMG-20231024-WA0114.jpg

Дүние жүзінде жыл сайын құтырма ауруынан 40-тан 70 мыңға жуық адам қайтыс болады. Бұл ауруды жұқтыру қаупі, әлі де азаймаған, өйткені вирустың резервуары ондаған түрлі жануарлар.

 Құтырма - табиғи ошақты аса қауіпті, өлімге әкелетін ауру. Құтырма - бұл емделмейтін ауру, өлім тыныс алудың салдануынан және жүрек қызметінің төмендеуінен болады. Адам толық санада және қорқынышты азапта өледі. Үй жануарлары ауру жабайы жануарлармен байланыста болғаннан кейін құтырманы жұқтырады. Адамдардың құтырмамен ауруы негізінен ауру жануарлардың тістеуінен және сілекейімен пайда болады. Құтырма қоздырғышының резервуары мен негізгі көздері - жабайы жыртқыштар мен үй жануарлары. Үй жануарлары инфекцияны ауырған жабайы аңдармен жанасу кезінде жұқтырады. Қанғыбас иттер мен түлкілер адам үшін ең қауіпті болып табылады.Құтырумен ауыратын жануар сау адамды тістеп алғанда немесе осы жануардың сілекейі адамның зақымдалған терісіне түскен кезде вирус ағзаға жұғады. Вирус ағзаға енгеннен кейін жүйке жолдары арқылы таралып барлық жүйке жасушаларында ісіну, қан кету, деградациялық және некротикалық өзгерістер болады. Мойынды, қолды және бетті жануар тістеп алған кезде ауру өте қауіпті.

Құтырма ауруының емі жоқ! Алайда алдын алуға болады. Кез келген жануарлардан жарақат алған адамдардың барлығы құтыруға қарсы антирабикалық вакцина және антирабикалық иммуноглобуллин екпе курсын алуы қажет. Ол үшін тез арада тұрғылықты жері бойынша медициналық көмекке қаралған жөн. Тістеген жарақатты таза сумен және сабынмен жуу керек, жарақат маңын йод тұндырмасымен залалсыздандырып, дәрігерлік көмекке қаралғанға дейін алғашқы көмек дер кезінде көрсетілуі керек. Әрбір адамды өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі – құтыруға қарсы екпелерің толық алу қажет. Құтыруға қарсы екпе тегін егіледі! Ит мысық асырау үшін мал дәрігеріне көрсетіп, құтыру ауруына қарсы вакцина ектіру керек.

Өз денсаулықтарыңыз өздеріңіздің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар!

Адамдарға «Құтыру» ауруына қарсы екпелер тегін жасалады!

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының

СЭББ басшысы                                                                         Т.Қ.Сермаңизов

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Құтырма ауруы – аса қауіпті дерт