Тағам өнімдерінің техникалық регламенттері

Техникалық регламенттер барлық тағам және тағам емес өнімдеріне қойылады. Соның бірі балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті.

Screenshot_25.jpg

Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті Қазақстан Республикасының техниалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген. Техникалық регламент балалар мен жасөспірімдерге  арналған тамақ өнімдерінің қаіпсіздігіне, оларды өндіру және айналымы үдерістеріне қойылатын қойылатын талаптарды белгілейді. 

Техникалық регламенттің талаптары: жас  балаларға арналған балалар тағамдарына, диеталық және емдік–профилактикалық тағамдарға қолданылмайды. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында азайтылуы қажет балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тіршілік циклі үдерісінде туындайтын факторларға  тамақ өнімдерінің жекелеген түрі үшін техникалық регламенттер немесе санитариялық ережелер талаптарымен белгіленген, құрамындағы уытты элементтердің, пестицидтердің, антибиотиктердің, тағамдық қоспалардың, витаминдердің басқа да нормаланбайтын  өнімнің механикалық және микробиологиялық ластануы жатады.  

Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бағалау, бұл өндіру кезінде қолданылатын шикізаттар мен материалдардың қауіпсіздігімен, құрамының артуы организмге зиянды әсер  ететін химиялық және биологиялық  бойынша өнімнің сипатын анықтау жолымен, анықталған тәуекелдің әрқайсысының балалар мен жасөспірімдердің организміне әсерін және оның салдарларын талдау жолымен айқындалады. 

Техникалық регламентте белгіленген атауларға және сәйкестендіру көрсеткіштерге сәйкес келмесе немесе дұрыс болмаса, балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері бұрмаланған деп танылады және кері қайтаруға жатады. 

Тамақ өнімдерінің биологиялық құндылығы дегеніміз – тамақ өнімдерінің құнарлылығы, құрамында белоктар, майлар, көмірсулар, витаминдермен сипатталған. Тамақ өнімі 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыруға арналған және олардың тиісті сіңімділігін қамтамасыз  ететін және баланың денсаулығына зиян келтірмейтін, балалар организмінің тиімді физиологиялық қажеттіліктеріне жауап беретін тамақ өнімі. Тамақ құндылығы дегеніміз - бала организмін энергетикалық қндылығымен, құрамымен және дәмдік қасиеттерімен айқындалатын қректік заттармен қанағаттандыру дәрежесі.  Қазақстан Республикасы аумағында айналымдағы, оның ішінде әкелінетін балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері мақсаты бойынша пайдаланылуы кезінде бір жыл ішінде адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірмеуі және олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттармен қоса жүруі керек. 

Қандай да бір  балалар мен жасөспірімдерге қаптамадағы тамақ өнімін аларда, өнімнің шыққан күніне, құрамына, дайындалуы күні мен жарамдылығына, сонымен қатар тамақ өнімін өндірушісіне аса мәне беру қажет екенін есте сақтаңыздар!

Бәйдібек аудандық СЭББ бөлім басшысы

Г.Бекбосынова

Кейінгі: Көптеген