«Тағам өнімдері таңбалау бөлігінде»

Күнделікті өмірімізде өзіміз тұтынып жүрген азық-түлік, басқа да таурлардың түріне, жалпы сипатына көпшілігіміздің мән бермейтініміз анық. Бұл дұрыс емес. Сондықтан, қазіргі заманда өнім түрі де, мөлшері мен олардың аттарының саны да өте көп. Олардың арасынан керегін іздеу, тұтынушыға оңай тимесі анық. Алайда, қарпайым тұтынушыға сапалы  және пайдалы өнімдерді таңдауды үйрену әбден мүмкін.

Screenshot_13.jpg

Ол үшін таңбалауда қолданылатын өнімнің жапсырмасын оқи білу керек. Таңбалау тамақ өнімдері туралы ақпаратты қамтиды және жазулар, суреттер, белгілер, рәміздер, өзге де белгілер түрінде жазылады. Бірақ ол ақпараттың барлығының не білдіретіндігін бәріміз білеміз бе? Бұл белгілер мен қысқартылған сөздердің маңызы өте зор. Сонымен, таңбалау оның жалпылама қабылданған ұғымында-ол, қаптамаға немесе тауарға және басқа да қосалқы құралдарға қондырылған мәтін, шартты белгі немесе сурет. Тауардың заттаңбасында немесе қаптамасында міндетті түрде не көрсетілуі тиісті? Өндіруші сатып алушыға тауар туралы мынадай ақпарттарды ұсынуға міндетті:

1.Тауардың атауы.

2.Егер тауар сәйкестікті растау рәсіміне жататын жағдайда сәйкестік белгісі.  3.Тауардың негізі тұтынушылық қасиеттері туралы, тағамның тағамдық, биологиялық ж/е энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер, сондай – ақ белгілі бір аурулар кезіндегі қарсы көрсетімдер туралы мәліметтер.

4.Тамақ өнімдеріне қатысты-құрамы, мөлшері (салмағы), дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары (температуралық режимі) туралы мәліметтер.

5.Тамақ өнімдеріне генетикалық түрлендірілген ағзалардан тұратын немесе олардан алынған компоненттердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтер.  Генетикалық түрлендірілген ағзалардан болған жағдайда, заттаңба жеке сөйлеммен «Бұл өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген ағзалар бар» деп көрсетілуі тиіс.

6.Егер тауарлардың ерекшелігіне байланысты талап етілсе, тамақ өнімдерін дайындау бойынша ұсынымдар.

7.Тауардың шыққан елі.

8.Тауардың сатып алу құны мен шарттары.

9.Кепілдік мерзімінің болуы немесе болмауы.

10.Дайындаушының сауда белгісі.

11.Тауардың дайындалған күні мен орны, жарамдылық мерзімі мен (немесе) сақтау мерзімі.

12.Дайындаушының, орындаушының атауы «фирмалық атауы», орналасқан жері (заңды мекен-жайы) көрсетілуі керек. Жоғарыда айтылған талаптардың барлығы Кеден одағының «Тамақ өнімі оны таңбалау бөлігінде» техникалық регламент (КО ТР 022/2011) талаптарында көрсетілген.

К.Баймусанова,

Шымкент қаласы, Тұран ауданының СЭББ

техникалық регламенттер талаптарының сақталуын 

бақылау бөлімінің басшысы

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Тағам өнімдері таңбалау бөлігінде»