Қалқанша бездің обыры

Инновация Көрілім: 0

Қалқанша бездің обыры

 Қалқанша без (ҚБ) қатерлі ісігі тиреоидты эпителий жасушаларынан дамиды (фолликулярлы, парафолликулярлы). Қалқанша бездің обыры (ҚБО) өте сирек сырқат болып табылады.

Эпидемиологиясы


Screenshot_2.png

Жалпы ҚБО өте сирек дамитын сырқат. Оған барлық локализациялы обырдың 1 пайызы және обырдан дамитын өлім көрсеткішінің 0,5 пайызы тиесілі. ҚБО жаңа жағдайлар жиілігі жылына 100 мың адамға 0,5-10 жағдайды құрайды. АҚШ-та жыл сайын ҚБО-ның жаңа 18 мың жағдайы тіркеліп, жылына 1200 адам дүниеден өтеді. ҚБО көптеген кездерде түйінде жемсаумен сырқаттанған науқастарды диагностикалау барысында анықталады.

Түйінді жемсау құрылымында ҚБО-ына 1-4 пайыз жағдай тиесілі болады. Басқа сырқаттар әсерінен алынған ҚБ тінін гистологиялық тексеру барысында кездейсоқ анықталған ҚБО жағдайларының жиілігі 10-20 пайыз, бірақ мұндай ісіктердің клиникалық маңыздылығы шектеледі. ҚБО жиі 40-50 жас аралығында анықталады, балалар мен жасөспірімдерде сирек дамиды. Жалпы алғанда әйел адамдарда жиі дамиды, бірақ егде жаста сырқаттанған ерлер саны салыстырмалы жоғары болады.

Түйінді жемсаумен сырқаттанған науқастардың анамнезін және клиникалық көрінісін зерттеу барысында анықталған түйіннің қатер қаупін жоғарылататын төмендегі белгілерге ерекше назар аудару қажет:

- анамнезінде бас пен мойынның сәулененуі;

- туыстарында дамыған медуллярлы обыр; 

- 20 жастан кіші немесе 70 жастан жоғары жас шамасы;

- ер адамдар;

- түйінді түзілістің жылдам өсуі;

- түйіннің тығыз немесе қатты консистенциясы;

- мойын лимфаденопатиясы;

- түйінді түзіліс ығысуының болмауы;

- үнемі дауыстың қарлығуы, дисфония, дисфагия немесе ентікпе.

Сирек жағдайда ҚБО, әсіресе жоғары дифференцирленген ҚБО кеш метастаз берумен манифестацияланады. Әдетте алдымен мойын лифаденопатиясы дамып, кейіннен УДЗ бойынша ҚБО анықталады.

 Диагностикасы

ҚБО алғашқы диагностикалаудың басты әдісі жіңішке инелі аспирациялы биопсия (ЖИАБ) және ҚБ УДЗ-і болып табылады. ҚБ обырының басым көпшілігіне нақты цитологиялық диагностика қағидалары тән. Тек фолликулярлы обырдан басқасы, себебі оның цитологиялық көрінісін фолликулярлы аденомадан ажырату мүмкін емес. ҚБМО диагностикасы ЖИАБ-дан басқа базальды және ынталандырылған (пентагастрин, кальций глюконатын енгізу көрінісінде) кальцитонин мөлшерін анықтауға негізделеді. Осы ынталандырушыларды енгізгенде  ҚБМО кезінде кальцитонин мөлшері айтарлықтай артады. ҚБО кезінде ҚБ қызметі көптеген жағдайларда өзгермейді.

Б.ТАШТАЕВА,

эндокринолог дәрігер


Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz