«Бастау» бизнес бастауға көмектеседі

Screenshot_14.jpg

Қаржылық сауаттылық әркімге керек-ақ. Әсіресе қазіргідей жаһандық заманда. Жұмыссыз екі қолды бос қойып отырғанда қаржылық сауаттылықты арттырып, неге жаңа юизнес бастамасқа?! Міне, осы мақстатта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» жобасын қолға алған болатын. Халықтың әл-ауқатын жақсартуды көздеген  жоба Мақтаарл ауданында да жүзеге асырылуда. Таяуда да  ауданда аталмыш жобаның 3-лектегі тыңдаушылары оқуды аяқтап, бизнес жоспарларын қорғады.

Мал шаруашылығымен айналысуды көздеген  Қарагөз Байсерікова «Бастау Бизнес» жобасын аяқтап жатыр. Оның жасаған бизнес жоспары, комиссия мүшелерінің көңілінен шығып, оң бағасын алды. «Мал шаруашылығымен айналысу үшін қыр-сырын зерттеп, білу керек. Мысалыға менің ұсынып жатқан соммам – 4 миллион теңгені ұсынып отырмын. 4 миллион теңгеге мен ірі қара мал алғым келеді.1 қара мал 250 мың теңгеден болғанда 16 қара мал келеді»,- дейді ол.

 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы республиканың 80 ауданында жүргізіліп келеді. Бүгінде Мақтааралдан жеке кәсібін ашсам деген  120 түлек жоспар бойынша бітіріп шықты.

 Мамандардың дерегінше  қазіргі таңда, «Бастау бизнес» жобасын бітірген  30 жоба қаржыландырылды. Одан бөлек 26 жобаға несие беру қарастырылуда. Екінші бағыт бойынша оқыған 29 тыңдаушыға әрқайсысы 505 000 теңге көліміндегі гранттар берілген.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Бастау» бизнес бастауға көмектеседі