Дәрігер сапалы емдесін десеңіз, 10 кеңеске құлақ түріңіз

Screenshot_1.jpg

Әлеуметтік сауалнама бойынша ТМД елдері тұрғындарының 31 пайызы ақылы медициналық қызметке жүгінеді екен. Бірінші орында дәстүрлі стоматологияға шығынданса, екінші эндокринолог, гинеколог, аллерголог т.б. мамандар кабинеттерінің табалдырықтарын жиі тоздырады. Осылайша адамдар әрбір анализдің түріне ақша төлеп жатады.

Ендеше дәрігерге қалай тиімді көрінуге болады? Дәрігерлердің де уақыты шектеулі, тығыз. Сондықтан, пациент те емдеу нәтижесінің сапалы болуы үшін өз еркімен дайындалып, дәрігермен ортақ тіл табысуға ұмтылуы керек.

Ресейдің Ильинск ауруханасының бас терапевті, дәрігер-кардиолог, Америка жүрек қауымдастығы және Европа кардиолог бірлестігінің мүшесі, медицина ғылымының кандидаты Ярослав Ашихмин өзінің өмірлік тәжірибесінен түйіндеп, пациенттерге арнап бірнеше пайдалы кеңес дайындады.    

– Бұл рекомендациялар ақылы дәрігерге барғанда ғана емес, МӘМС полисі бойынша аудандағы емхана, ауруханаға барған кезде де қолдануға болады. Өздеріңіз білесіздер, медиктер пациентті қабылдауда лимиттен асып кетіп жатады. Ресми заң бойынша ол міндетті емес. Егер дәрігерге келуге сауатты түрде дайындалсаңыз, дәрігермен тез тіл табысып, өзіңіздің ауруыңызға оның көп уақытын бөлгізе аласыз, өйткені, дәрігерлер сіздерді ойлап уайымдайды. Қымбатты пациенттер, сіздер де оларды ойлаңыздар, – дейді Ашихмин. Иә, кейбір дәрігерлерден қашу керек, мысалы иммунитетіңізді иммуномодулятормен көтеріңіз немесе гомеопатиямен емделіңіз десе.

1. Дәрігердің қабылдауына 10 минут бұрын ерте келіңіз. Уақыт – біздегі ең үлкен байлық. Дәрігердің ұғымында «Ең нашар пациент» кім десеңіз, ол уақытты белгілеп, орын алып қойып, келмей қалатын және ескертпейтін адам. 

2. Өзіңізбен бірге денсаулығыңыздың жағдайы мен  талдау қорытындысын алып келіңіз.

Сұрақты да ойланып қойыңыз. Егер жарақат т.б. салдарынан созылмалы ауруыңыз болса, соңғы 3-5 жылдағы негізгі деген зерттеу анализдеріңізді ала барыңыз. Ереже бойынша дәрігерге соңғы жылдағы денсаулық жағдайыңыз туралы мәлімет қажет.

Ал негізіндле қабылдауды тиімді ету үшін барлығын бір папкаға салып алғаныңыз дұрыс. Бір файл мен бір қағаз. Өтініш, бір файлға 10 парақты толтырып салмаңыз. Егер кардиологқа баратын болсаңыз, жұқпалы аурухананың жазып берген қағазы, лор мен гинекологтың да  қорытындысы қажет. Сол себепті, өзіңіздің денсаулығыңыздың барлық қырынан сыр шертетін  анықтама, талдаудың бәрін алып алңыз. Келген дәрігеріңізге көрсетететін жолдаманы ғана алмаңыз. Бұл кешенді ем дайындауға жасалған сауатты қадам.  

3. Қандай дәрі-дәрмек ішіп емделіп жүрсіз, соның барлық тізімін қағазға көшіріп басыңыз. Яғни соңғы айдағы биоқоспалар, дәрумендік кешендер. Дозасын да көрсетіңіз. Себебі, гипертонияның емін қайта түзету ойыншық емес. Дәрігердің алдына келген кезде «ромбик сияқты ақ дәрі ішіп жүрмін, қазір әйеліме қоңырау соғып дәрінің қалай аталатынын сұрап алайын» деп тұрмаңыз. 

4. Бастан өткерген ауыр сырқатыңыз бен қандай дәрінің түрлеріне аллергияңыз бар, қағазға тізіп жазып қойыңыз. Өйткені, кей жағдайда бір пациенттер тура кабинеттен шығып бара жатып, «Айтпақшы, бала кезімде жүрегіме операция жасаған», «басымнан қатты соққы алғанмын», «миым шайқалған, бірақ бұл бұрын болған» деп айтып тұрады. Бұлай жасауға болмайды. Барлығын алдын ала айтып, ескертіңіз.

5. Басы артық ақпаратпен дәрігердің миын қатырмаңыз. Әрине, жаныңыз ауырып тұрғанын, денсаулығыңыздың қиын екенін түсінеміз. Дәрігер сізге психотерапевт емес. Оған сол күні ауа райы қалай болғаны, бақшаңызға шиенің қандай сортын еккеніңіз маңызды емес. Көп сөйлеу босқа уақытыңызды алады, одан гөрі сізге қажетті қолданатын медициналық шараға көңіл бөліңіз. 

6. Дәрігер сізге ішу үшін препаратты «ұзақ» немесе «тұрақты» деп жазып берсе, демек бұл сол дәріні үзбей тұрақты ішіп тұру керек дегенді білдіреді. Оның орнына одан басқа күшті дәріні ойлап тапқанша. Егер сізге таблетканы тағайындар кезде «дәрігердің қабылдауына 15 күннен кейін дозаны қайтадан түзеткенше тәулігіне 2 мг ішесіз» деп жазып берсе, сіз сол 15 күннен кейін әлгі дәріні тоқтатыңыз деген сөз емес. Бұл сол препаратты ары қарай да ішу керектігін, тіпті дозаны көбейтуі де мүмкін екендігін білдіреді.

7. Дәрігердің қабылдауы кезінде онымен қалай байланыса алатыныңызды сұрап алыңыз. Оған мессенджерге немесе почтаға жазуға бола ма, қай кезде қоңырау шалған ыңғайлы, біліп алыңыз.

Көп дәріггерлер телефон номерін бере бермейді. Тіпті сіз айтқан уақытта қоңырау соқсаңыз да. Оның үстіне, қоңырау соғылмауы тиіс уақытта шалсаңыз, дәрігердің жүйкесін шаршатасыз. Себебі, көп дәрігерлер жұмысын таңғы сағат 6-7-ден бастайды. Кешкі 9-да ол жұмысынан шаршап келіп ұйықтап жатуы да мүмкін. Сондықтан оятып алудан сақ болыңыз.

8. Сұрақ қойыңыз: «Емдеудің бұдан да жақсы жолы бар ма? Тағы да басқа нәрсе жасауға бола ма?». Бұл сұрақты пациенттердің 1 пайызы ғана қояды.  Ал дәл осы сұрақ шешуші болуы да мүмкін.

9. Егер өте эмоционалды болсаңыз, симптомдарды естуге дайын болыңыз. Мысалы, кардиолог немесе гастроэнтерологқа барған кезде қосымша ем жүргізу үшін сізге психиатр, психотерапевттің консультациясы қажет болуы мүмкін. Бұл сіздің есіңіз ауысқандығын білдірмейді. Барлық ауыр сырқаттар адам психикасын жарақаттайды. Себебі, ауру тән арқылы басқа шабады. Біз тәнді емдегенімізбен, бәрібір ауырсыну қалуы мүмкін. Мұны психотерапевттің көмегінсіз өткере алмаймыз.

10. Егер бірнәрсе түсініксіз болса, дәрігерден қайталап түсіндіріп беруін талап етіңіз. Дәрігердің сөзіне сенбей тұрсыз ба? Демек, екінші бір пікірде болу үшін басқа дәрігерге жүгініңіз. Тағы бір айта кететін жайт, шамаңыз жетіп тұрса дәрігерге келер алдын бір шомылып алыңыз.

– Бұл өтініш талай медициналық ұйымдардың бас ауруына айналды, – дейді Ярослав Ашихмин.

 

Аударған Жан ПЕРДЕБЕК