Менингит мазаламасын десеңіз...

Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарының мәліметінше Шымкент қаласы бойынша 2019 жылдың 7 айында 3 жағдай менингококк инфекциясы тіркеліпті. Науқастардың екеуі балалар екен. Мамандар аталмыш дерттің өткен жылға қарағанда біршама сирегенін алға тартып отыр. Мәселен  2018 жылдың салыстырмалы кезеңінде 4 жағдай тіркелген болса, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2 жағдай. Менингококкты инфекцияға маусымдылық тән, сырқаттанушылықтың басым көпшілігі қыс-көктем кезеңінде тіркеледі.

Тіркелген 3 науқастың 1 жағдайы ересек, жұмыссыз, 2 жағдайы 14 жасқа дейінгі, ұйымдастырылмаған балалар. Науқастар ақпан, мамыр және маусым айларында тіркелген, бір-бірімен байланысы жоқ, барлығы ауруханадан толық емделіп шықты. Ауырған балалардың гемофильная инфекция (ХИБ), пневмококқа қарсы егулері бар. Барлығы зертханалық тексеріліп, N.meningitidis анықталды (серотип 135W серотип А және С), 3 науқаста қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды.

Тіркелген жағдайлар бойынша індетке қарсы іс шаралар толық жүргізілді, ошақтан қарым-қатынаста болған 14 адам тіркеліп, барлығы зертханалық тексерілген, 1 қатынастағыдан N.meningitidis серотип А анықталып, тұрмыстық қатынас жолымен жұққандығы анықталды.

Менингококкты инфекцияның алдын алу, ескерту мақсатында мамандар тұрғындар арасында іс-шараларды жүргізуде. Атап айтқанда:

- Инфекцияның алдын алу мақсатында қала деңгейінде 2017-2019жж. арналған ведомствоаралық (денсаулық сақтау басқармасы, білім басқармасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті) кешенді жоспар бекітіліп, жұмыс атқарылуда.

- Шымкент қалалық денсаулық сақтау, білім, Қазақстан мұсылмандары діни және Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармаларына менингококкты инфекциялардың санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы хаттар жолданды.

- Қала бойынша 76 – семинарлық сабақ өткізіліп, 4521 – адам қамтылды;

- Теледидарларға 8 сұхбат берілді, 4–мақала баспаға жарияланды, емханаларда видеороликтер және аудандық, қалалық базарларында радиорубкалардан – 10 (ірі базарларда) мәлімет берілді, 4 флешмоб өткізілді, 6737 парақшалар мен буклеттер таратылды.

- Ұсынылған 14 диктант мәтіні дайындалып, 125 мектептерде менингит туралы диктанттар жазылып, 18 мектепте интерактивті сабақ өткізілген.

- Веб-сайт, фейсбук, интернет ресурстарына 54 мәліметтер жарияланды.

- Қала бойынша 4 – ірі сауда орындарында, 6 – базарлар, 3 – спорткешендері, 4 – банктер, 2 – ЦОН, 2 – автобекеттер, 1 – военкомат, 2 – басқа мекемелерде (ІІБ, көш-қон полициясы) кездесулер өткізілді.

Су сынамасына мониторинг жүргізу барысында 16 – сарқынды су, 30 ашық су, 23 – фонтан суы вирусологиялық зертханасында тексерілді, оң нәтижемен анықталғаны жоқ.

Энтеровирусты және серозды менингитпен аурушаңдықтың алдын алу барысында қала бойынша медицина қызметкерлерінің арасында 46, сумен жабдықтау, су бұру, рекреация саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалармен 8, басқа мекеме қызметкерлерінің арасында 39 семинарлық сабақ өткізілді. Барлығы 7084 парақша таратылып, 10 мақала баспаға жарияланды. Теледидардан 1, радиодан 6 сұхбат берілді. Мұғалімдер арасында 286, ата-аналармен 851 әңгімелесулер өткізілді.

Қосымша

Екі диагнозда да жалпы түбір — менингит, яғни ми қабығының қабынуы бар. Алайда ауруды түрлі агенттер тудыруы мүмкін. Серозды менингиттің қоздырғыштары вирустар, ал менингококты инфекцияның қоздырғыштары — бактериялар (Neisseria meningitidis) болып табылады. Соңғысы ауыр түрде менингококк инфекциясын тудырады және ешқашан өз бетінше өтпейді. Антибиотикпен емделмеген жағдайда, қайғылы жағдайға алып келеді. Бұл өте ауыр ауру, сирек кездеседі және 6 айдан 2 жасқа дейінгі балаларды жиі зақымдайды. Шымкент қаласы бойынша менингококтық инфекцияның өршуі тіркелген жоқ.

Басқа мәселе - серозды менингит. Бұл ауруға маусымдылық тән энтеровирустық инфекцияның асқынған түрі. Жыл сайын жаз — күз айларында сероздық менингит және энтеровирустық инфекциямен сырқаттанушылық көтеріледі, бұл жыл сайынғы тіркелетін қалыпты жағдай, өйткені балалар әртүрлі су айдындарында шомылғанда (бұл аурудың таралуының ең көп жолдарының бірі), шығу тегі белгісіз суды ішкенде, жуылмаған көкөністер мен жемістерді жегенде, жеке бас гигиенасын сақтамағанда жұқтыруы мүмкін.

Серозды менингит ЖРВИ (бас ауруы, мұрыннан су ағу, жөтел) түрінде басталады. Ал, бізде бұл ауруды өздігінен емделіп, елемей аяқта жүріп, өткізетіндер аз емес. Солай, инфекцияның көзі болып балалар мен ересектердің арасында жүреді. Сонымен қатар дені сау адамдарда энтеровирустық инфекцияның қоздырғышын тасымалдаушы (здоровое вирусоносительство) бола алады. Жыл басынан бері 136 дені сау баладан энтеровирусқа сынама алып тексерілді, оның ішінде 12 оң нәтижемен анықталған (8,8%)

Емдеу негізінен симптоматикалық, себебі энтеровирустың 90-нан астам түрі бар және әрқайсысынан дәрі ойлап табу мүмкін емес. Жиі ауру өзі өтеді, бірақ ауру белгілері пайда болғанда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.

Нақты қай бала ауыратыны белгісіз, ол бірнеше факторларға, яғни қоздырғыштың қандай дозасы ағзаға, қандай жолмен түскеніне байланысты (егер су немесе тамақпен түсетін болса патогенді агент тікелей асқазан-ішек жолы арқылы, қанға өтеді), сондай-ақ иммундық жүйенің инфекцияға қаншалықты қарсы тұра алатынынада байланысты.

Вирусты менингит өте қысқа мерзімді ағыммен ерекшеленеді: аурудың жіті сатысы 2-3 күнге созылады және 5 тәулікте науқастың жағдай жеңілдей бастайды.

Бактериялық менингит - бұл вирусты менингитпен салыстырғанда ауыр өтеді. Бас миының қабығының бетінде іріңді экссудаттың пайда болуы тән, ол жұлын сұйықтығының ағып кетуін қиындатады, бұл бастағы қысымның жоғарылауына әкеледі. Сонымен қатар, қабыну процесі жоғары қызбамен және жалпы уыттану симптомдарымен бірге жүреді.

Алдын алу іс – шаралары:

Менингококкты инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде катаралдық құбылыстармен (тамақ қызарып, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) дәрігерге көріну қажет, оның барлық ұсыныстарын орындаңыз;

- Түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға, жүзу бассейндері, сауда-ойын

сауық орталықтарында ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет.

- Ғимараттарды жиі желдетіп, ұйымдасқан ұжымдарда ылғалды жинау жүргізу.

- Созылмалы инфекция ошақтарының санация жүргізуі маңызды, балалар жасында бұл жиі ЛОР-органдарына қатысты, сондықтан балаларды оториноларингологтарға тұрақты апару тиіс және мүмкіндігінше алдын-алу мақсатында.

- Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу қажет.

- Тону, ашығу, ұйқысыз, стресс және т. б. аулақ болу.

- Ауруды әрқашан емдегеннен алдын алған жеңіл екендігін есте сақтау қажет!

Серозды менингиттің алдын алу іс-шаралары:

- Кішкентай бала үшін ашық су айдынында шомылу қауіпті, рұқсат етілмеген жерге шомылуды шектеу;

- Ішуге қайнаған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;

- Барлық өнімдерді, жидектер, көкөністер, жемістер, ағынды сумен жуып, қайнаған сумен шаю қажет.

- Қолды мұқият сабынмен жуып жеке бас гигиенасын сақтау.

- Дұрыс демалу, тиімді тамақтану, спортпен айналысу, шынығу және салауатты өмір салтын жүргізу.




®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Менингит мазаламасын десеңіз...