Күзде қалай тұмаудың алдын алуға болады?

e0fe8b043e9222e214f823919000508e.jpg

Күз алдамшы маусымдардың бірі. Себебі дәл осы кезде ауа-райы өте құбылмалы болып, адамдар өз денсаулықтарына араша түсе алмай жатады. Сондықтан осы маусымда тұмаумен шалдығып, ақ маска тағып жүретін адамдарды көшеде көптеп кездестіруге болады.

Тұмау – бұл жұқпалы инфекция. Тұмауды жұқтыру лезде, ол ауа жолымен де, тұрмыспен де тез жұғады. Тұмаумен адам алғашқы сағаттардан бастап, кейінгі апталарға дейін адамдардан оқшауланғаны дұрыс, себебі тұмау вирустары өте қауіпті, өте тез жұғады. Тұмаумен ауыратын адам тек бір рет түшкірсе жеткілікті, 10 шақты адам сыртқаттанады. Әдетте тұмау симптомдары бірден көрінеді. Бірнеше сағат ішінде әлсіздік пен ұйқышылдық, денеде бас ауруы пайда болады, температура 38-39°С дейін, ал балаларда — 40°С дейін көтеріледі. 

Тұмаудың алдын алу үшін таңертеңгі  және  кешкі уақытта бетті суық сумен жуып, кешке қарай аяқты жылы суға салса, ағзаның ауруға қарсы күресу қуаты артады.

Тамақтан кейін ауызды тұзды сумен үнемі шайып жүрсе, ауыз қуысындағыбактерияларды жояды.

Қыс және күз мезгілінде дене шынықтырып, күнделікті бой жазып, таза ауада серуендеп, дененің суыққа қарсылық қуатын жоғарылатса, тұмаудың  алдын алуға болады.

Күнде  таңертең терезені 30 минуттай ашып, бөлменің ауасын тазартып отыру қажет. Жас жем-жіміл мен қызыл шекерді лайықты мөлшерде қайнатып, шай орнына ішсе тұмаудан сақтануға болады.

Сірке суын қайнатып,  үй ішін күнделікті булап тұрса, микробтар жойылады.

Күз мезгілінде өте қалың киініп алмау керек. Қалың киім дененің суыққа төзімділігін әлсіретеді.

Әр күні таңертең, жеңіл киіммен таза ауада 30 минут дене жаттығуларын жасау  тұмаудың алдын алады.

Екі алақанды беттестіріп ысып, алақан ортасы ысығаннан кейін, мұрын желбезегінің артқы түбін қос бармақпен 10 рет уқалау керек.

Қызанақ, сәбіз, алма секілді көкөністер мен жемістерді үзбей пайдаланған жөн.