Адамның смартфоннан ажырауы қиындап барады
«Көпшілігі жаңа жылда жаңа мақсаттар қойып, тізім жасайды. Біреулер темекіні тастаймын десе, тағы біреулері спортпен шұғылдануды қолға аламын деп серт береді. Соңғы жылдары желіге уақыт бөлуді азайтқысы келетін адамдар қатары артты», деп жазады Le Figaro басылымына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.
Автор қазіргі таңда өз қолының жалғасына айналып кеткен смартфондардан демалғысы келетіндердің қатары күн санап артып жатқанын айтады. «Цифрлық технология біздің күнделікті өмірімізді жұтып жібереді. Elabe жүргізген зерттеуге сенсек, адамдардың 60%-ы смартфонсыз бір күн де жүре алмайды. Ал әрбір екінші адам он минут сайын телефон немесе планшетіне қарайды», деп жазады автор. Басылымның хабарлауынша, ғалымдар адамдар телефонға қараған кезде қысқамерзімді рахат сезіміне бөлейтін домафин гормоны бөлінетінін, сол себепті смартфоннан ажырау қиын екенін анықтаған. «Телеофоннан толық қол үзу мүмкін емес, дегенмен, оны дұрыс пайдалануды үйрену керек. Осы тәртіп сақталғанда ғана телефон тиімді құралға айналады. Технология адамдарға қызмет етеді, ал оның қолданылуы белгілі бір деңгейде адамға қауіп төндіре алады», дейді жазба авторы.