Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз

Screenshot_4.jpg

     Қазіргі таңда шылым шегу – халықтар арасында созылмалы жұқпалы емес ауруларды таратуға негіз болатын қауіп-қатер факторының бірі болып табылады. Таралу дәрежесіне қарай темекі шегуден туындаған созылмалы және жұқпалы емес аурулардың қауіп-қатерлігін зерттеу Дүниежүзі мен Қазақстанда өзекті  мәселе екендігі байқатты. Қоғамдық денсаулық сақтаудың басымдылықтарының бірі болып табылатын темекі қолдануға едәуір әсер ететін әр түрлі жағдайлар кезінде қолдануға болатын күрестің көптеген үнемді әсерлі шараларының бар екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.

  Негізгі заңның 159 бабында «Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу» - халықтың денсаулығын сақтауға, темекі, алкогольді тұтынуға халықтың өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті фактор ретінде көзқарасын қалыптастыруға, темекі шегушілік, алкоголизмнің таралуының профилактикасы жөнінде келісілген іс-шаралар жүргізуге бағытталған. Темекі бұйымын 18 жасқа дейінгі адамдарға және олардың сатуына тыйым салынады. Ал, алкоголь өнімдерін 21 жасқа дейінгі адамдарға және олардың сатуына тыйым салынады.

    Темекі шегуге білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау ұйымдарында, қоғамдық тамақтану орындарында, түнгі клубтарда, дискотекаларда, үйлердің кіре-берістерінде тыйым салынады.

  Республикада темекі жылдан-жылға өсіп барады ал оның өнімі халықтың үлкен сұранысына ие болуда. Темекіні өсіру, жинау және өңдеу қоршаған ортаның ластануымен байланысты, ал темекі егумен шұғылданатын адамдардың денсаулығына темекі зиянды әсерін тигізеді. Әсіресе жасөспірім балалардың денсаулығына, физиологиялық дамуына, ұлттың денсаулығына,тұтас мемлекеттің денсаулығына, популяциялық тіршілікке өте зиянды кері әсерін тигізеді.

Есте сақтаңыз!

   Темекі шегу – ағзаның тәуелділігін тудыратын қатерлі де зиянды дерт. Осы дертке шалдығу  қаупі шылым құмарлардың айналасындағы адамдар да төнеді. Өйткені олар шылым құмарлармен бірге темекінің түтінін еріксіз жұтады. Отбасында бір адам темекі тартса  20 пайыз, ал екі адам темекі тартатын болса -44,2 пайыз тыныс алу ағзаларының ауруы жиі кездеседі.

ДДҰ  мәліметіне қарағанда шылым тартылған бөлмедегі ауа көшедегі ауадан 6 есе лас болатын көрінеді.

    Никотинге ең сезімтал орталық нерв жүйесі, тез әсер етіп, шаршағыштық, ашуланшақтық, есте сақтау қабылеті, дәм сезу, көру, түстерді ажырату қабілеті төмендейді. Әдетте өз кезінде былай деген екен; «Адам темекіден ақылы төмендейді, ойлау және шығармашылық қабілеттерін жоғалтады». 

Ағзаға түскен темекі шайыры кеңірдек тарамында тұнып қалады, өкпенің созылмалы ауруы-бронхитке, бронхоэктазаға, эмфиземаға апарып соқтырады. Өкпе туберкулезінің, өкпе ісігінің пайда болу мүмкіндігі арта түседі.

   Никотин және улы қосындылар жүрек қан тамырларына, жүйкеге кері әсерін тигізеді және жүрек, ми, аяқ тамырларының тарылуына әкеліп соғады.

Соның салдарынан – инсульт, инфарк, эндоартрит аурулары дамиды.

  Темекі жыныс жолдарының дамып жетілуіне ерекше зиянын тигізеді «ерлер арасында белсіздік, ал әйелдер арасында бедеулік, жүктіліктің асқынулары өте жиі кездеседі».

Әр бір үшінші Қазақстандағы темекі шегеді, олардың жартысы ажал құшады. Ал өмір сүру ұзақтығы 20-25 жылға қысқарады. 

Әр бір төртінші темекі шегуші міндетті түрде қатерлі ісіктен немесе жүрек ұстамасынан көз жұмады.

ҚР-да 35-69 жастағы ерлердің арасында ерте көз жұму салдарының 42 пайызы темекі шегушілікпен байланысты.

Қатерлі ісіктен қайтыс болғандардың 30 пайызы темекі құрбандары. Өкпе қатерлі ісігінен өлгендердің 80-90 пайызы темекі шекпесе ұзақ өмір сүретін еді.

Ал бір бөлмеде темекі шегушінің түтінімен дем алатын адамдар арасында өкпе ісігі 34 пайызға, ал қан тамыр жүрек аурулары 54 пайызға өседі.

Әр бір азамат темекі шегуден бас тартып, өз денінің саулығын, айналасындағы адамдардың, балалардың денсаулығын қорғап, салауатты өмір салтын қалыптастыруы қажет.

Ал, егер сіз темекі тәуелділігі ауруына шалдықсаңыз, темекіні тастау ешқашанда кеш болмайды.

Темекі тәуелділігінен ем алғысы келген жасөспірімдер мен жастарға көмек көрсету мақсатында Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жанындағы «Әлем» жастар денсаулық орталығында темекіге қарсы кабинетінде білікті дәрігер-нарколог тегін кеңес және емдеу жүргізеді.

Мекен жайымыз: Шымкент қаласы, Қазыбек би 6а.

Анықтама телефоны: 53-93-93

«Өз ерік – жігеріңізді, сана- сезіміңізді бағындыра білгеніңіз жөн».

Раушан БАЙМУПУНОВА, ЖДО-ның нарколог дәрігері

 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз