Өкпеңізді сақтаңыз!

Screenshot_7.jpg

    Туберкулез әртүрлі ағзаларды зақымдайтын, көбіне өкпеде орнығып, ағзаның улануымен, клиникалық көрінулер полиморфизмімен сиппаталатын, толқын тәрізді созылмалы дерт. Тырнақтар мен шаштан басқа адам ағзасының барлық органдарын, ұлпаларын зақымдайды. 

    Туберкулездің негізгі белгілері: 

- 2 апта бойына жөтелу;          

 - тәбеттің жоғалуы; 

-   арықтау, түнде терлеу;                

  - температураның жоғарылауы;

-   жалпы әлсіздік;                                

 -  қажып, шаршау;

-   кеуде клеткасының шаншуы;           

  -  қан түкіру.

   Жұғу жолдары: 

Туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас, оның қақырығы; 

Адамнан адамға жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде ауа тамшылары

арқылы таралады. Қақырықты еденге немесе жерге қақырғанда, ол шаңмен араласады. 

Осы шаңмен тыныс алғанда, дені сау адамға бактерия жұғады. 

 Назар аударыңыз!   Туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас емделмесе, жылына орта есеппен 10-15 адам туберкулез дертін жұқтыру мүмкін. Алайда инфекция жұқтырғандардың бәрі бірдей туберкулезбен ауырмайды, атап айтқанда иммундық жүйе нашарласа, адамның туберукулезбен ауыру ықтималдылығы жоғарылайды. Туберкулез бактериялары сыртқы ортада үлкен төзімділікпен ерекшеленеді. Сонымен қатар, олар жоғары температураға өте сезімтал. КОХ таяқшаларына хлорды белсенді бөлетін заттар өте үлкен әсер етеді, сондықтан дезинфекция үшін жиі хлорамин, хлор извесі қолданылады.

 Құрамында туберкулез таяқшалары бар шикі сүт қолданғанда, сондай-ақ ауру жануарларды күтіп баққанда адам туберкулезбен ауруы мүмкін. Егер туберкулезбен ауыратын адам екі апта ішінде қажетті емдеулерден өтсе, одан ауру жұғу екіталай. Туберкулез науқас адам ұстаған заттар арқылы жұқпайды.

    Қосымша әсер ететін факторлар:

    Туберкулезге шалдыққан кезде бұл маңызды дерттің дамуына және оның ауыр өтуіне ықпал ететін бір қатар факторлары бар: 

Әлеуметтік-тұрмыстық орта; 

Құнарлы тамақтанбау;

Психологиялық күйзелістер;

 Қосарлана дамыған дерттер (қант диабеті, ойық жара ауруы, өкпенің созылмалы спецификалық емес дерттер, ВИЧ/СПИД);

Зиянды әдеттер (алькоголь, темекі шегушілік, есірткілер);

    Туберкулездің алдын алу шаралары: 

1.Салауатты өмір салтын ұстану: құнарлы тамақтану (тамаққа ет, сүт өнімдерін, балық,  дәнді дақылдарды, көкөністермен жемістерді жеткілікті мөлшерде қолдану); 

2.Жүйелі түрде белсенді  дене шынықтырумен айналысу, уақытылы демалу;

3.Темекі шегу, алкогольді сусындардан, есірткіден бас тарту;

Аурудың алғашқы белгілері біліне бастағанда дәрігерге дер кезінде қаралу керек. Сәби туылған кезде, міндетті түрде, БЦЖ вакцинациялау (егу) және 6-7 жаста ревакцинациялау. БЦЖ- иммунитетті қолдайды және ағзаның қорғаныш реакциасын күшейтеді. Туберкулездің таралмауының маңызды жағдайларының бірі  бөлменің ауасын тазартып тұру. 

    Жыл сайын  флюорографиялық тексеруден өту қажет! 

Туберкулез неғұрлым ерте анықталса – емдеу нәтижесі де соғұрлым сәтті болады!


                                                           А.ШАХАМАНОВА,  Шымкент қалалық салауатты өмір салтын 

                                                             қалыптастыру орталығының үйлестірушісі

                                                            



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Өкпеңізді сақтаңыз!