«Балалардың артериялық гипертониясының алдын алу»

Screenshot_8.jpg      

 Артериялық гипертензия – себебі белгісіз тамырлардағы қан қысымының тұрақты көтерілуін көрсететін белгі. Балалар мен жасөсіпірімдерде артериялық қан қысымының көтерілуі көбінесе тұрақсыз және қайтымды сипатта болады, оған нейровегетативтік өзіндік реттеудың бұзылуы мен теңсіздігі жатады. АГ шалдығудың себебі ауруға тұқымқуалаушылық бейімділік, отбасы мен мектептегі күйзеліс жағдай. 

         Бала кезден тамақтану мәдениетіне үйрету өте маңызды. Дұрыс тамақтану гиперхолестеринемия, семіздік, артериялық қан қысымына шалдығуды жоя немесе алдын ала алады. Тәуліктік ас үлесіне бай майлы қышқылдарменқанықтырылмаған және әсіресе майлы қышқылдармен жартылай қанықтырылмаған өсімдік майлары кіруі қажет. Тәуліктің тәртіпте тағамды 4-5 рет бөліп жеген дұрыс.

Ас тұзын тұтынуды оңтайландыру қажет. Отбасында тамақтану әдеті кейбір «тұзы аз» тағамдарға бағытталуы қажет. ДДҰ-ның сарапшыларының ұсыныстарына сәйкес ас тұзын  тұтынудың шегі тәулігіне шамамен 5 г болуы қажет. Дене белсенділігін (түрлі себептермен) төмендету сондай дәрежеде тәтті өнімдерді, шоколад пен шоколад кәмпиттерді, бал, тосапты тұтынуды, құрамында шамадан тыс белсенді заттары көп кейбір азық-түліктерді (сорпа, дірілдек, зельц), сергітетін сусындарды, табиғи кофе, какао, тәтті шай, конверванттары мен тұздары көп (конвервілер, қақталған шұжықтар мен ірімшіктер, балықтан жасалған тағамдар, уылдырық пен маринадталған көкөністерді) тұтынуды да сәйкесінше шеутеуді қажет етеді.

Сәйкес және жаттықтыратын дене белсенділігі – артериялық гипертензияның, гиподинамияның алдын алудың маңызды аспектісі жүрек-қантамыр ауруларының басқа да қауіпті факторларының арасында бірінші орында тұр. Балалық шақтан бастап ата-аналардың үлгісімен балаларды дене жүктемесіне үйрету қажет, сонда ол әдет болып қалыптасып, әрі қарай физиологиялық қажеттілік болады. Дене белсенділігі – дененің артық салмағы, артериялық гипертензиямен күресудің аса тиімді құралы. Таңғы гимнастика жасау, жаяу жүру, велосипед тебу, коньки, шаңғы тебі қажет. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарын ескере отырып, дене белсенділігін көтеру арқылы халықтың денсаулығын күшейту қажет, осы жастық топтағы балалар мен жасөспірімдерге ойындар, жарыстар, спортпен айналысуғ сапарлар, сауықтыру шаралары, отбасы, мектеп және аудан аясында дене шынықтыру немесе жоспарлы жаттығу жасау ұсынылады. Жүрек-қантамырлар жүйесін, қаңқа-бұлшықет тіндерін нығайту және жұқпайтын аурулардың қаупін төмендету үшін 5-17 жастағы балалар мен жас адамдарға ұзақтығы кемінде 60 минут қалыптыдан жоғары қарқындылыққа дейін күнделікті дене белсенділігімен айналысу ұсынылады. 

Көру белсенділігін біртіндеп арттыру қағидасын сақтай отырып, телебағдарламаларды көруді күніне 30-40 минутқа дейін және компьютерге отыруды 1,5 сағатқа дейін шектеу қажет.

         Баланың өмірінде үйде және мектепте дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібінің маңызы зор. Мектеп гигиенасы ережесін орындаған маңызды. Оларға кең аэрация сақтау, жұмыс күнінде, жұмыс аптасында дұрыс сабақ кестесі, жасқа сәйкес құралдар, жеткілікті дәрежеде табиғи және жасанды ағарту, сыныптардың жақсы желдетілуі, дене шынықтыру жаттығуларын енгізу жатады.

К.АЗАТҚЫЗЫ, Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестірушісі