Адам папиллома вирусы
ХХ ғасырдың басында И.И.Мечников алғаш рет әртүрлі соматикалық аурулар, сонымен қатар қатерлі ісіктер мен белгілі бір микроорганизмдер арасында байланыс бар екендігін тұжырымдады. Бүгінгі күнде вирусты гепатит В (73 %) және С (27 %) бауыр ісігінің дамуына, Helicobacter pylori (55 %) асқазан ісігі, ал адам папиллома вирусы – жыныс мүшелеренің ісігінің дамуына ықпал етеді.
Қауіп факторлары:
⦁ Шылым тарту;
⦁ Сексуалды факторлар (ерте басталған жыныстық өмір, жиі партнер алмастыру);
⦁ Ішкі факторлар (авитаминоз, әлсіз иммунитет, стресстер)
⦁ Қынап микрофлорасының бұзылысы,жүктілік;
⦁ Репродуктивті факторлар (менархе, менопауза);
⦁ Оралды контрацептивтерді ұзақ уақыт қабылдау;
Жұғу жолдары:
⦁ Адам папиллома вирусы антропонозды қоздырғыштар тобына жатады (адамнан---адамға).
⦁ Вирус өзінің өмірге қабілеттілігін суда сақтай алады (бассейн, монша);
⦁ Жыныстық жолмен беріледі. Ең қауіпті жас 17-25 жас аралығын құрайды, осыдан соң 35 жасқа дейін төмендеп, 35-54 жас аралығында жұқтыру жиілігі жоғарылайды.
⦁ Вертикалды жол арқылы беріледі.
Алдын алу:
⦁ Салауатты өмір салтын ұстану;
⦁ Вакцина салдыру;
⦁ Скринингтік тексерулерден уақытында өту.
Б.ТӨЛЕГЕН, Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестірушісі