Сайрам: Санатория шипасын тигізеді

image.png

Қазіргі уақытта қауіпті індеттің алдын-алу үшін иммуниетті қалыпқа келтіру маңызды факторлардың бірі болып саналады. Оған қоса таза ауа және тыныштық, тазалық пен тәртіп, пайдалы тамақтану барлығы да адам ағзасы үшін аса қажет екені белгілі. Сол себепті, «Оңтүстік жылу курорты» барша емделушілерін түрлі сырқаттан арылуға шақырады. Санаторий Түркістан облысының Сайрам ауданында орналасқан.

Сайрамдық «Sairam thermal resort» санаторийі пандемия кезінде дертке шалдығып, оны жеңіп шыққан науқастардың организмін қайта қалпына келтіру үшін арнайы емдік-сауықтыру бағдарламасын әзірледі. Соның негізінде санаторий қызметкерлері халыққа денсаулықты нығайтатын ем-дом жасау үшін аудандық әкімдік пен кәсіподақ ұйымдарымен келісім-шарт түзген.

 Санаторийдің негізгі бальнеологиялық факторы – термиялық минералды су, оның құрамында темір, күкірт, натрий, хлор, йод, бром және басқа да пайдалы компоненттер бар. Қабынуға және аллергияға қарсы әсері бар, гемодинамика, зат алмасу, эндокриндік жүйенің, қанның клиникалық және биохимиялық көрсеткіштерін жақсартады. 

Санаторий коронавирусқа шалдығып, қайта жазылған науқастарға магнитотерапия, дәрілік электрофорез, ингаляция, тыныс алу гимнастикасы, діріл массажы, құрғақ көмір ванналары, тұзды шахталар сынды ем-дом жүргізеді.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Сайрам: Санатория шипасын тигізеді