Сайрам: Жаңа емхана халық игілігіне жарап тұр

image.png

Сайрамда жуырда ауысымына 500 адамды қабылдай алатын жаңа емхана 20 төсек-орындық күндізгі стационарда емделушілерді қабылдап, заман талабына сай жедел жәрдем қызметін көрсететін емхана қолданысқа берілген болатын. Жаңа емхана пневмония, бронхит белгілері байқалған, сондай-ақ  суық өткен, тұмау тиген тұрғындарды қабылдайды.  Қаланың қай түпкірінен хабарласса да, науқас жедел жәрдем көлігімен дереу осында жеткізіледі. Мұнда арнайы медициналық тексеруден өтіп, індет белгілерінің бар-жоғы анықталады.  

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев Сайрам ауданындағы жаңадан пайдалануға берілген емханаға барып, жұмысымен танысып қайтты.

Өңірдегі жағдайға қатты алаңдап, бәрін көзбен көруге, қолдан келгенше көмек беруге асықтым. Ал қазір көріп, көз жеткізген соң көңілім көншіді. Осындай аасапыран кезде өз денсаулығына төнетін қауіп-қатерді ұмытып, аянбай қызмет еткен медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, - деді Ф.Қаратаев.

Мәжіліс депутаты дәрігерлермен және қабылдауға келген аудан тұрғындарымен сұхбаттасып, емханадағы жасалған жағдайға оң көзқарасын білдірді.

Ел Президентінің басшылығымен індеттің таралуына қарсы іс-шаралардың мәнін түсіндірген Ф.Қаратев емханадағы желдету жүйесінің жоқтығына назар аударды. Аталған кемшілікті жою мақсатында Түркістан облыстық құрылыс басқармасымен келіссөздер жүргізетінін тілге тиек етті.