Түркістанда карантиндік стационар өз жұмысын қайта бастады
Әлемде орын алып жатқан коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты, жою және таралуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №54 қаулысын негізге ала отырып, көршілес жатқан Өзбекстан Республикасымен эпидемиологиялық жағдайды ескере келе, «Түркістан облысының Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтарында, шекарадан өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 05.10.2020 жылы №38 Қаулысына сәйкес Сарыағаш, Келес және Мақтаарал аудандары аумақтарында карантиндік стационарлар өз жұмысын қайта бастауға шешім шығарды.
«Ағымдағы жылдың 6 қазанынан бастап осы өткізу пункті арқылы келген адамдардың барлығы, белгілі және арнайы топтарды (шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда)қоспағанда, термометрия мен сауалнамадан өтуге міндетті және COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілгендігі жөнінде анықтамасы жоқ болған жағдайда, тексерілу үшін 2 тәулікке дейін оқшауланып, карантиндік стационарға жайғастырылып, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау нәтижелері алынып, теріс нәтижесі анықталған жағдайда карантиндік стационардан шығарылуын қамтамасыз етілетін болады»- деп хабарлады Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Садықбекұлы Нышанов.
Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.