Кішкентай кенеде үлкен қауіп бар

Screenshot_1.jpg

Кенелер көктем және жаз айлары,нақтырақ айтқанда –сәуір,мамыр,маусым айларында көп кездеседі.

Кене шаққанда өзінің сілекейімен арнайы фермент бөледі,сол себепті көпшілік жағдайда кененің шаққаны білінбейді.Кенелер шағу кезінде сілекей бездері арқылы адамның қанына вирус еңгізеді. Бұл өте қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы секілді ауруға душар етеді. Денедегі кенені жалаңаш қолмен алуға,езуге,малдың жүнін қырыққанда қолғапсыз жұмыс жасауға тыйым салынады. Себебі,вирус адам денесіне қан арқылы еніп,ауруға шалдықтырады.

Тоғайлы жерлерге барар алдында кенені денеге жолатпас үшін міндетті түрде арнаулы киім кию керек,немесе ашық түсті кененің жабысқаны көрінетіндей жақсы қорғалған киім,аяқ киім,бас киім киген жөн. Дененің ашық жеріне кенелерді қорқытатын репеленттер (спирттік зат,одеколон) құралдарын қолдану керек. Табиғатқа шыққанда 2-3 сағат сайын киімдерді,желке мен құлақтың тұсын, қолтық пен шаптың маңайын мұқият қарап отырыңыздар. Демалуға немесе жұмысқа барғанда шөбі қалың емес,бұтасы аз,күннің көзі көп түсетін ашық жерлерге орналасқан дұрыс. Кененің адамдарға ең көп шабатын уақыты таңғы сағат 8-ден 11-ге дейін және кешкі сағат 17.00 пен 20.00-дің аралығы. Күн ыстықта сағат 11-ден 17-ге дейін олардың белсенділігі төмендей бастайды.

Сізді кене шағып алған болса,міндетті түрде тұрғылықты жер бойынша емдеу мекемесіне көмекке жүгініңіз. Медицина қызметкерлері Сізге 14 күн бойы бақылау жүргізеді.

Егер емдеу орталықтарына бару ұзақ уақыт алатын болса, тістеген кенені жұлып алмай, кез-келген сұйық май немесе спирт тамызыңыз. Бірақ емханаға қаралуды ұмытпаңыз.

Н.АЛШЕРИЕВ, Шымкент қаласы «Әл-Фараби ауданы

Санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бас маманы


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Кішкентай кенеде үлкен қауіп бар