Лейшманиоз - қауіпті дерт!
Лейшманиоздар – Zeishmania туындастың қарапайымдармен шақырылатын, трансмиссивті жолмен тарайтын, висцеральды және терілік клиникалық түрлерінде өтетін зоонозды тропикалық паразитарлы инфекция.
Түркістан облысында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы бірқатар елді-мекендер: Шардара, Арыс, Отырар аудандарының аумақтары зоонозды-тері лейшманиоз ауруының табиғи ошақтары болып табылады.
Зоонозды тері лейшманиозы адамға трансмиссивті жолмен жұғатын ауру. Індеттің тасушысы кеміргіштер, әсіресе үлкен құмтышқандары. Ал оны таратушы үндемес масалар – қаңсорғыш жәндіктер Phlebotomus.
Санитарлық-профилактикалық шараларды, оның ішінде репелленттерді қолдану арқылы зоонозды тері лейшманиозының инфекциясынан қорғануға болады. Сонымен қатар, үй-жайларды тасымалдаушылардан қорғау үшін терезелерді торлап, аулалардағы тазалықты қатаң бақылау керек.
Белгілері
⦁ Шаққаннан кейін 2—8 апта откен соң, маса шақкан жерде ісік пайда болады.
⦁ Ісік әдетте іріңді, ашық жараға айналады.
⦁ Ірің өзі жазылуы мүмкін, ал кейде бірнеше аптадан 2 жылға дейін қалып қоюы мүмкін.
⦁ Іріңдер бактерияларды оңай жұқтырады.
Алдын алу:
✅дезинсекциялық шаралар
✅ветеринарлы шаралар
✅ауруларды айқын толық түрінде емдеу
✅спецификалық профилактика жоқ
Егер теріде бөртпелер мен жаралардың пайда болғанын байқасаңыз, дәрігерге жүгінуге кеңес береміз.
Нұрбақыт РАБАТ, Арыс қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы