Туберкулез ауруынан сақтаныңыздар!!!

image.png

ТУБЕРКУЛЕЗ - әлемдегі ең көп таралған аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Туберкулездің қоздырғышы - микобактериялар болып табылады. Ең алдымен, өкпе, кейде басқа органдар зақымдалады. Инфекцияның негізгі көзі-белсенді нысаны бар туберкулезбен ауыратын науқас адам. 

ТУБЕРКУЛЕЗ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Туберкулез - бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез - бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының - сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі. Жұқтырудың негізгі көзі - туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам. 

ТУБЕРКУЛЕЗ НЕЛІКТЕН КАУІПТІ АУРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ 

Уақтылы ем қабылдамаған туберкулездің ашық түрімен ауырған науқас жылына 10 - 15 адамға дейін туберкулез ауруын жұқтыруы мүмкін. Туберкулезге шалдыққандардың 50%-ын 18-44 жас аралығындағы жұмыс істеуге қабілетті адамдар кұрайды.

ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЖҰҚТЫРУ ҚАЛАЙ ЖҮРЕДІ 

Туберкулез қоздырғыштары ауру адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде бактериялар ауаға (ауа тамшылары арқылы) тарайды. Қоздырғышы бар ауаны жұтқан адамдарға бактерия жоғарғы тыныс алу жолдарына, өкпелеріне түседі. Туберкулез бактериялары кез келген ағзада дами алады, бірақ көп жағдайда өкпеде дамиды. 

АУРУДЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

- Иммунитеттің әлсіреуі. Толыққанды, үйлесімді тамақтанбау.

- Ауыр аурулардың қатар жүруі (ВИЧ/СПИД, қант диабеті және басқалары);

- Суық тигізу;

- Кез келген зиянды әдеттер – темекі шегу, ішімдік iшy, есірткі пайдалану;

- Созылмалы күйзелісті жағдайлар;

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ

- Жөтелдің екі аптадан астам уақытқа созылуы және қан түкіру

- Дене қызуының көтерілуі және тершеңдік;

- Кеуде қуысының ауыруы және шаншуы;

- Дене салмағының түсуі;

- Түнгі уақытта терлеу; 

- Тәбеттің төмендеуі;

- Қатты шаршау және әлсіздік;

АУРУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІН БАЙҚАҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Тексерілу үшін тұрғылықты және оқу орны бойынша медициналық мекемеге жүгініңіз;

Уақытында анықталған туберкулез - аурудан айығып кетудің кепілі.

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ СПЕЦИФИКАЛЫҚ АЛДЫН-АЛУЫ 

Жаңа туған нәрестелер перзентханада туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасымен вакцинацияланады, егер нәрестеде медициналық қарсы көрсеткіштері бар болса, екі айға толғанға дейін вакцинацияны емдеу мекемелерінде алады. Ал, екі айдың ішінде вакцинацияны алмаған жағдайда балаға Манту сынамасы жүргізіледі, Манту сынамасының нәтижесі теріс болған жағдайда БЦЖ вакцинациясы жүргізіледі, сонымен қатар 6-7 жастағы 1 сыныпқа баратын балаларға Манту сынамасының нәтижесі теріс болған жағдайда, БЦЖ ревакцинациясы (қайта вакцинациялау) жүргізіледі; 

Вакцинация 80% жағдайда жаңа туған нәрестелердің өкпе туберкулезінің дамуынан қорғайды. БЦЖ вакцинасы ерте жастағы балалардың диссиминацияланған өкпе туберкулезінен қорғайды.

14 жасқа дейінгі «Қауіп тобындағы» (әлеуметтік жағдайы қолайсыз отбасынан шыққан балалар, екі аптадан астам ұзақ жөтелу белгілері бар балалар, әртүрлі аурулардың себебі бойынша педиатрда ДЕ-те тұрған балалар, жабық оқу орындарының балалары, вакцинацияланбаған және вакцинациядан кейінгі тыртықтары өнбеген балалар, гормондық терапияны қабылдайтын балалар, иммундық супрессивті терапияны алатын балалар) және туберкулез ошақтарындағы балалардың арасында туберкулезді ерте анықтау мақсатында Манту сынамасымен жылына 1 рет қамтылады;

Міндетті түрде флюорографиялық тексерілуден кем дегенде жылына 1 рет өту;

 ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРМАУ ҮШІН

Салауатты өмір салтын ұстану – жүйелі түрде белсенді дене шынықтырумен айналысу, спортпен айналысу, таза ауада жиі болып, табиғат аясында демалыс жасау;

Тиімді тамақтану - бұл ет пен сүт, балық өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидектерді жеткілікті мөлшерде қолдану;

Зиянды әдеттерден аулақ болу - темекі, алкоголь, есірткіні тұтынбау;

Жеке тазалық тәртібін сақтау – жуғыш заттар мен таза суды пайдаланып қолды, ыдыстарды жуу, жеке ыдыс қолдану, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды бүркемелеу. Үй ішін мезгіл-мезгіл желдетіп, (ылғалды) тазалап отыру;

ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ! ТУБЕРКУЛЕЗ ТЕГІН ЕМДЕЛЕДІ!

Есіңізде болсын, туберкулез емделетін ауру ! Біз туберкулезді жеңе аламыз!Өз денсаулықтарыңыз өз қолдарыңызда!!!

Б.Елемесов, Түркістан облысының СЭБД басшы орынбасары            

                            



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Туберкулез ауруынан сақтаныңыздар!!!