Дерматомикоз ауруының алдын алу

Дерматомикоз (трихофития, микроспория) – бұл микроскопиялық саңырауқұлақтар тудыратын адам және жануарлардың жұқпалы тері ауруы. Аурудың көзі - осы жұқпамен ауырған жануарлар (ит,мысық, төрт түлік мал) немесе орта және кіші жастағы науқас балалар болып есептеледі.

Screenshot_6.jpg

Аурудың белгілері көбіне, денеде, бастың шаш бөлігінде, тырнақта пайда болуы мүмкін, ауру біртіндеген қызғыш немесе қызарған дақтардың пайда болуынан басталып, одан әрі көптеген ошақтарға айналады.

Ауру лабораториялық тәсілмен анықталады. Аурудың әрбір тіркелген жағдайында үй ошағында күнделікті дезинфекция жүргізілуі керек, толық емделіп болғаннан кейін  дезостанция қызметкерлерімен қорытынды дезинфекция жүргізіледі.

Дерматомикоз ауруымен ауырмау үшін не істеу керек немесе алдын алу шаралары:

Жеке бас гигиена ережелерін сақтау (моншада жуынатын легендерді дезинфекциялау, отбасының әрбір мүшесінде жеке бас гигиенасына арналған заттардың болуы);

Бассейндерде, моншаларда, жағажайда резіңке аяқ киімдерді пайдалану; 

Қоғамдық орындарда болғаннан соң, қолды сабынмен мұқият жуу;

Қаңғыбас иттермен қарым – қатынаста болмау;

Үй жануарларын ветеринарлық дәрігерге уақытылы көрсетіп, қажетті екпелер алу;

Егер өзіңізде жоғарыда аталған белгілерді байқасаңыз, дер кезінде тұрғылықты дерматолог дәрігерге қаралыңыз .

Егер маңайыңызда тері ауруымен ауырған адам болса, жеке бас гигиенасын сақтауды ұмытпаңыз!

Н.Нышанов,

Түркістан облысының СЭБД басшысы 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Дерматомикоз ауруының алдын алу