Аскаридоз: белгілері және алдын алу

Аскаридоз - адам ағзасында тіршілік ететін жұмыр құрттардан (нематодтардан) пайда болатын ауру. Жуылмаған көкөністер мен жеміс-жидектерді жегеннен, ластанған топырақ, қайнатылмаған су ішкенде, жуылмаған қолдар арқылы құрттар адам денесіне түсіп, ауру туғызады.

Screenshot_7.jpg

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бұл ауруға көбінесе  балалар жиі шалдығады. Себебі олар  ластанған топырақта ойнағаннан кейін жуылмаған қолдарын ауыздарына кездейсоқ салу жағдайлары жиі кездеседі. Аскаридоз жұмыртқалары ауру адамның нәжісімен сыртқа бөлініп шығып, қоршаған ортада (топырақта) дамып, аналығы тәулігіне 250 мыңға дейін жұмыртқа салады.

Аскаридоздың клиникасында 2 кезең байқалады: бастапқы (миграциялық) және соңғысы (ішектегі). Бастапқы– аскарида дернәсілінің өкпеге қарай миграциясы кезеңінде жөтелу, суық тию белгілері, қышыну, дене қызуы тәрізді уытты-аллергиялық құбылыстар байқалады, жаппай инвазиялау кезінде бронхит, пневмония, демікпе секілді асқынуларға әкеледі. Ал, соңғы ішектегі кезеңінде асқазан-ішек жолдары қызметі ауытқулары  құсу, іш кебу,  үлкен дәреттің бұзылуы сонымен қатар, тез шаршағыштық, ашуланшақтық, бас ауруы, жүрек айнуы, ұйқының бұзылуы, салмақ жоғалту белгілері болады. 

Алдын-алу және індетке қарсы шаралары.  Алдын алу шараларының негізгісі – паразиттерді тасымалдауы мүмкін адамдарды белсенді анықтау және оларды емдеу. 

Балаларға дәретханадан кейін және тамақтану  алдын қолды сабынмен жуу, жеміс-жидек, көкөністерді қайнаған сумен жуу, тырнақтарды уақытылы алу,  іш киімдерді күн сайын  ауыстыру сынды т.б ережелермен қарапайым санитариялық-гигиеналық  тазалықты сақтауға үйрету. 

Б.Елемесов,

Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Аскаридоз: белгілері және алдын алу