Техникалық регламент дегеніміз – нормативтік-құқықтық акт болып табылады

Мұнда адам  өмірі  мен денсаулығы  үшін  өнімнің, процестің және қызметтің қауіпсіздігіне  мемлекеттің  міндетті  талаптары   көрсетілген. Техникалық  регламент - бұл  орындалуға   міндетті  ережеден тұратын  құжат.   

Screenshot_5.jpg

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу бағытында, оның ішінде өнім  қауіпсіздігіне  мониторинг жүргізу  шеңберінде адам өміріне  қажетті  күнделікті  тұтынатын  азық-түлік  және  азық-түлік  емес  өнімдерге қолданылатын   техникалық  регламент  түрлері төмендегідей:

1.Тамақ өнімдерінің  қауіпсіздігі бойынша:

-ТР ТС  021/2011 «Тамақ өнімдерінің  қауіпсіздігі туралы » ;

-ТР ТС 022/2011  «Тағам  өнімдерінің таңбалау көрсеткіші»;

-ТР ТС 005/2011 «Орауыштың қауіпсіздігі туралы»;  

-ТР ТС 024//2011 «Май өнімдерінің  қауіпсіздігі туралы»;

-ТР ТС 023/2011  «Шырын  өнімдеріне және  жемістер мен  көкөністерден жасалған өнімдердің  қауіпсіздігі туралы»;

-ТР ТС 027/2012  «Мамандандырылған тағам  өнімдерінің,  оның  ішінде диеталық  емдік және диеталық проф.тамақтанудың жекелеген  түрлерінің қауіпсіздігі туралы»;

-ТР ТС 029/2012 «Тағамдық қоспалардың, хошиістендіргіштер, қауіпсіздік талаптары»; 

-ТР ТС 033/2013  «Сүт және  сүт  өнімдерінің  қауіпсіздігі  туралы»;

-ТР ТС 034/2013    «Ет және  ет өнімдерінің  қауіпсіздігі туралы» ;

-ТР ТС 040/2016 «Балық және балық  өнімдерінің  қауіпсіздігі  туралы»;

-ТР  ТС 044/2017 «Табиғи минералды  суларды  қоса  алғанда, қапталған ауыз  судың    қауіпсіздігі  туралы». 

2.Азық-түлік емес тауарлардың  қауіпсіздігі  бойынша:

-ТР  ТС 007/2011  «Балалар мен жасөспірімдерге  арналған өнімнің  қауіпсіздігі  туралы»;

- ТР  ТС  008/2011  «Ойыншықтардың   қауіпсіздігі  туралы »;

ТР  ТС 009/2011 «Парфюмерлік – косметикалық өнімдердің    қауіпсіздігі туралы»; 

ТР  ТС 017/2011  «Жеңіл  өнеркәсіп өнімдерінің  қауіпсіздігі туралы»;

ТР  ТС 035/2014  «Темекі  өнімдерінің  қауіпсіздігі туралы»;

Айта  кететін жайт, ТР ТС 022/2011 және  ТР ТС 005/2011  тамақ өнімдеріне және  азық түлік емес  өнімдерге де қатысты  қолданыста болады. Ал, ТР ТС 021/2011 тек азық-түлік  өнімдеріне  оның  ішінде  кондитерлік және  кулинарлық  тамақ өнімдеріне, сүт және ет, балық  өнімдеріне, биологиялық  белсенді  қоспаларға қатысты  қолданылады. Тамақ  өнімдерінің  қауіпсіздігі микробиологиялық  көрсеткіштермен бағаланады.

Күнделікті  өмірде  қажетті  азық-түлік және тұрмысқа  қажетті азық-түлік  емес  өнімдерді  сатып алу кезінде  тұтынушы ретінде қандай  нәрселерге баса  назар аудару  қажет екенін  айтып  өтейік. 

Тауар өнііміне  қатысты  толық  ақпаратты  өнімнің  сыртқы қаптамасындағы  таңбалаудан алуға болады. Техникалық регламент  талаптары бойынша таңбалау қалай болуы қажет  және  қандай мәліметтер  алуға  болады. Сонымен өнімді  таңбалау дегеніміз не ?

Таңбалау-қаптамаға  немесе  тауарға және  басқа да  қосалқы  құралдарға қондырылған  мәтін, шартты белгі  немесе сурет. Таңбалаудың негізі тауар туралы негізгі  мәліметтерді тұтынушыға  жеткізу, сондай-ақ тауарды сәйкестендіру болып табылады. Яғни,  таңбалау  арқылы тұтынушы тауар туралы қажеттінің бәрін біле алды. Айта кету керек, осы деректердің барлығы «Тұтынушылар құқықтарын  қорғау туралы» Заңда  және Техникалық регламенттер талаптарында  көрсетілген.

Дайындаушы (өндіруші)  сатып  алушыға тауар туралы мынадай  ақпараттарды ұсынуға міндетті:

- тауардың атауы, егер  тауар сәйкестікті растау  рәсіміне жататын жағдайда сәйкестік белгісін,

- тауардың негізгі  тұтынушылық қасиеттері туралы, тағамның  тағамдық, биологиялық және энергетикалық құндылығы  туралы мәліметтер, сондай-ақ белгілі бір аурулар  кезіндегі қарсы  көрсетілімдер туралы  мәліметтер;

Тамақ өнімдеріне қатысты: құрамы, мөлшері (салмағы), дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау  шарттары (температуралық режим) туралы  мәліметтер;

Тамақ  өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзалардан тұратын  немесе солардан  алынған компоненттердің болуы  немесе  немесе болмауы туралы мәліметтер. Егер бар болған  жағдайда «бар» деп көрсетілуі тиіс. 

Тауардың шыққан елі, тауардың сатып алу құны мен  шарттары, кепілдік  мерзімінің болуы немесе болмауы, дайындаушының сауда  белгісі, тауардың  дайындалған күні  мен орны, жарамдылық  мерзімі  мен  (немесе)   сақтау мерзімі, сатушының (дайындаушының) атауы, орналасқан жері, тұтынушыдан шағымдар қабылдауға және тауарды  жөндеуге   және  оған техникалық қызмет  көрсетуге сатушы (дайындаушы) уәкілеттік берген жеке  кәсіпкердің немесе  заңды тұлғаның (оның  филиалының, өкілдігінің) орналасқан жері;

 Тауар  массасының  шамасы (нетто), көлемі, саны және жиынтықталымы.

Кеден Одағы  нарығындағы ( ЕАО) өнім айналымының бірыңғай белгісі. Бұл ретте, осы ақпараттардың барлығы міндетті түрде  кем дегенде екі тілде- мемлекеттік қазақ  және  орыс тілдерінде болуы  керек. 

Қандай  да бір тауар өніміне  күмән болған жағдайда, есіңізде болсын, тұтынушы тауардың қауіпсіздігін растайтын құжатты (сәйкестік декларациясын) сатушыдан талап етуге құқылы. Адам  организміне  сапалы және қауіпсіз тауар өнімдерін таңдауда сауатты болуға шақырамын. 

Ең басты байлық-денсаулық!

К.Адырбаева,

Абай ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы