Ауыз су туралы нe білeміз?
Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр.Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.
Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», — деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді. Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалап, дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді, азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады, ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді, кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі. Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі. Сонымен қатар ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғайтын, жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз ететін, тері жасушаларын ылғалдандырып, сауықтыратын қасиеттерге де ие.Жалпы, ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейтін көрінеді. Енді өзіміз тұтынып жүрген түрлі тағамдар құрамында кездесетін суға тоқталайын. Асқан еттің құрамында 40 пайызға, қуырған жұмыртқада 70 пайызға жуық, көкөніс салатында 80 пайыз су бар. Қою тамақпен және нанмен бірге адам ағзасына 0,7-1,0 литр су барады. Демек, күніне 4-5 стақан ғана «еркін» су ішсе, адам ағзасына жетіп жатыр. Бірақ ішкенде де кез келген суды іше бермей, тазалығына, құрамына мән беру қажет. Себебі табиғи, таза су ғана адамға ем болады, қуат береді. Мұндай суды үй жағдайында дайындап алу да қиын емес. Кәдімгі крандағы суды мұздатқышта қатырса, ол әдемі кристалдарға ие болады, яғни құрамы табиғи қалпына келеді. Әр қайталаған сайын суды шайқап отырса, судың энергиясы арта түседі. Егер адам қажетті мөлшерде су ішпесе, мидың жұмыс істеуі баяулайды, тәбетсіздік, әлсіздік туады, іш қатады, қан қоюланып, жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады т.б. Міне, байқасаңыз, тіршіліктің көзі болған судың жетіспеуінің әсерінен-ақ ағзада ауытқушылық орын алады.
Шымкент қаласы Тұран ауданының
санитаиялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының бас маманы
Т.К.Ахатаева,
Тұран ауданы, СЭББ