Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылғы саласындағы мемлекттік қызмет көрсету

Қазіргі кезде мемлекеттік қызметті алу барысы барынша ашық және қолжетімді. 

Screenshot_17.jpg

Санитариялық – эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 19 – бабы 1 – тармағының 1 тармақшасына және 20 – бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10 – бабының 1 тармақшасына сәйкес әзірленеді және эпидемиялық мәні жоғары объектінің және қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық – қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтын санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық – эпидемиологиялық қорытынды беру, қолданылуын қайта бастау, қайта рәсімдеу, тоқтату бойынша тәртібін айқындайды.

Қазақстан Ресспубликасы Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемииялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қарашадағы №220 бұйрығына сәйкес эпидемиялық мәні жоғары және эпидемиялық мәні болмашы объектілерболып екі топқа бөлінеді.

Эпидемиялық мәні жоғары объектілер міндетті түрде санитариялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды құжатын алып жұмыс жасау міндеттелген. Ал эпидемиялық мәні болмашы объектілер жұмысын бастағандығы немесе тоқтатылғандығы туралы Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарлама жіберуі тиіс.

Эпидемиялық мәні жоғары объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №336/2020 бұйрығының 2 қосымшаға сәйкес өтінішті портал арқылы жібереді.

Мемлекеттік қызметті «электрондық үкімет» www.egov.kz www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 13 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті келіп түскен күні тіркейді. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектіге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісі ресімделеді.

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектіге тексеру жүргізгеннен кейін (Екі) жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) нысан бойынша объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны осындай алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға ол бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы алдын ала хабардар етеді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде негіздеме беруге және алдын ала шешімге қарсылық білдіруге мүмкіндігі бар. Алдын ала шешім жобасына қарсылық білдірмеген жағдайда дәлелді бас тарту беріледі.

Обектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден дәлелді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

- Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және оларда ұсынылған деректердің анықтылығын анықтау;

- Ұсынылған деректер мен мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтердің халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламатылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде талаптарға сәйкес келмеуі

Дәлелді бас тартуда көрсетілген кемшіліктерді жойып, қайта санитариялық–эпидемиологиялық қорытынды алуға өтініш жібереді. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алып жұмыс істемеген нысандар ӘҚБтК-не сәйкес заң аясында әкімшілік шаралар көріледі. 

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді алу барысы барынша ашық және тегін түрде жүргізіледі.

Г.Бекбосынова,

Бәйдібек аудандық СЭББ

Санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау 

бөлімінің басшысы