Вакцинациялау туралы

Вакцинация - полиомиелит, қызылша, қызамық, дифтерия, сіреспе, көкжөтел, туберкулездің ауыр түрлері, В гепатиті, эпидемиялық паротит және т.б. сияқты бірқатар инфекциялардан балалар мен бүкіл халықты қорғаудың ең тиімді тәсілі. Бұл инфекциялар адамның ағзасына түсу арқылы күрделі өтетін ауруларды қоздыруы мүмкін, ол аурулар асқынып, өлімге де әкелуі мүмкін.

Screenshot_18.jpg

Вакцинация (екпе) жасату не үшін керек?

Бұл емшара кезінде ағзаға аздаған мөлшерде вакцина енгізіледі. Ол ағзаға зиян келтіретін белгілі бір инфекцияларға қарсы антидене тудыруы тиіс. Осының арқасында ағзада аталмыш ауруға төтеп бере алатын иммунитет қалыптасады. Әрбір вакцинаның қатаң тәртібі, қолданылу уақыты, қолдануға болмайтын жағдайлары және енгізу жолдары (ауызға, бұлшық ет ішіне, тері астына және тері ішіне) бар.

Вакцинация жасатудың мақсаты – ағзаға вакцинаны енгізгеннен кейін спецификалық иммунитеттің қалыптасу, яғни иммундық жадының онымен байланысқан кезінде микроорганизмдердің анықталған антиденелеріне реакциясын қосу болып табылады.

Баласына екпе жасатуға ата-анасына міндет тағыла ма?

Қазақстан Респуликасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіндегі 156 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жеке тұлғалар тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемінің шеңберінде инфекциялық ауруларға қарсы профилактикалық егулер алуға құқылы. Одан да басқа, Қазақстан Респуликасы Конституциясының 29 бабына сәйкес Қазақстан Респуликасының азаматтары денсаулықты қорғауға және заңмен белгіленген тәртібінде тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін алуға құқылы.

Екпелер тек жеке өзінің денсаулығы үшін ғана емес, сонымен қатар қоғам саулығы үшін іске асырылады (ауруға шалдыққан тұлға инфекция көзі болып, айналасындағылар үшін қауіпті болып табылмақ. Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін тұрғындарды иммунизациялауға тиісті 95% тұрғындарына екпе жасату қажет. Тұрғындарды иммунизациялауға тартудың толық қамтылмауы инфекциялық аурулар ошағының өршуіне соқтыру мүмкін, (мысалы, 1995 жылы республикада күл (дифтерия) дертінің өршу дерегі тіркелген: 1105 адам ауруға шалдығып, соның ішінен 66 көз жұмған).

Қазақстан Респуликасының әр азаматы тек жеке өзінің ғана денсаулығын ғана ойлап күтпей, жалпы ұлттың саулығын көздеуі керек.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Вакцинациялау туралы