Мектеп оқушыларының тамақтануы
Рационалды тамақтану - физиологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып теңдестірілген тамақтану, балалардың қалыпты физикалық және психикалық дамуын қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі. Бұл олардың ауруға төзімділігі мен оқу үлгерімін арттырады.
Отбасында ғана балаға салауатты өмір салтының негіздері беріліп, тамақтану мәдениеті қалыптасады, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау тәрбиеленеді. Соңғы кезде балалар мен жасөспірімдер жылдам дайындалатын тағамдарды көбірек тұтына бастады, бұл өскелең ұрпақтың денсаулық жағдайына кері әсерін тигізуде. Ыстық тамақ ішетін оқушылардың аз шаршап, мектеп жүктемесін оңай көтере алатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Дұрыс бөлінбеген жүктемелер, теңгерімсіз тамақтану денсаулықтың нашарлауы мен бұрыннан келе жатқан созылмалы аурулардың асқынуына әкелуі мүмкін. Сырқаттанушылыққа жүргізілген талдау көрсеткендей, салыстырмалы түрде сау балалар саны азайып, созылмалы патологиясы бар балалардың саны артқан. Көбінесе асқазан-ішек жолдары мен зат алмасу аурулары жиі кездеседі. Сондай-ақ, тамақтану режимін сақтау, ең алдымен, ас қорыту жүйесі ауруларының алдын алады.
Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларға сәйкес мектептерде тамақтануды ұйымдастырудың жай-күйін жүйелі бақылауды медицина қызметкерлері жүзеге асырады, тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді. Әрбір пайдаланылатын өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаты болуы тиіс. Оқушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өндірістік бақылау бағдарламасы, оның ішінде сатылатын дайын өнімдердің сапасын зертханалық бақылау бөлігінде орындалады. Өткізілген жұмыстардың нәтижесінде, санитариялық-гигиеналық мониторинг шеңберінде жүргізілген зертханалық зерттеулердің талдауы негізінде облыс мектептерінде микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштері бойынша өнім сапасы тұрақты болып қалуда. Тек дұрыс, рационалды, профилактикалық, сауықтыру тағамдары ғана сіздің және балаларыңыздың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.
Л.Н.Туртаева,
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы басшысының орынбасары