Сұлулық салондарына қойылатын санитариялық талаптар

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы №183 бұйрығымен бекітілген Санитариялық қағидаларда халыққа шаштараздық және косметикалық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, яғни нысандардың орналасу тәртібінен бастап, қандай құрылғылармен жабдықталу қажеттілігі, жұмыскерлердің жұмыс істеу қағидалары және т.б. көрсетілген.

Screenshot_1.jpg

Қазіргі таңда сұлулық салондарының қызметі сұранысқа ие. Сұлулық салондарына, шаштараздар мен косметикалық қызмет көрсету нысандарына қойылатын арнайы санитариялық-гигиеналық талаптар бекітілген. 

Сұлулық салондары мен шашатараз қызметкерлері төменде көрсетілген жеке бас гигиенанасын сақтауы керек:

    - клиентке қызмет көрсеткенге дейін және қызмет көрсеткеннен кейін сабынмен қолды мұқият жуу, қолдарды өңдеу үшін тері антисептиктерін қолдану, қорғаныш бетперделерімен, экрандармен, бір рет қолданылатын резеңке, латекс қолғаптарымен жұмыс жасау қажет;

    - шаш бояу барысында қолғап қолдану;

    - жұмыс орнында темекі шекпеу және ас ішпеу;

    - арнайы киіммен жұмыс жасау;

    - жеке және арнайы киімді бөлек сақтау.

    Әрбір сұлулық салоны мен шаштараз нысанында төмендегідей қағидалар сақталуы тиіс:

    - парфюмерлік-косметикалық өнімдерді және шаш, тырнақ, тері күтіміне арналған құралдарды пайдалану өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады;

    - ерлер және әйелдер залдарында қол жууға және келушілердің басын жууға арналған раковиналар жеке-жеке жабдықталуы тиіс;

    - балаларға қызмет көрсетуге арналған креслолар өз өлшемi және құрылымы бойынша олардың жасына және бойына сәйкес болуы керек;

    - косметикалық, маникюр және педикюр кабинеттерi жабық үлгідегi бактерицидті ультракүлгiн сәулелендіргіштермен жабдықталуы қажет;   

    - әрбір келушiлердің дербес қолдануы үшін таза заттар қоры (сүлгiлер, сулықтар, ақжаймалар және басқалары) ұсынылуы қажет;  

    - әсемдеу косметикасын жағу үшiн бiр рет қолданылатын құралдар пайдаланылады. Қарындаштар әрбiр клиенттен кейiн ұшталады немесе кесiледi,  тушь, тень және опа бiр рет қолданылатын кистілермен жағылады. Косметикалық рәсімдер үшін бір рет қолданылатын мақта дискілер және спонждар пайдаланылады.

    - тарақтар, щеткалар, шаш қиюға арналған қайшыларды әрбір клиенттен кейін ағынды сумен жуу, қолдану жөніндегі нұсқаулығы бар зарарсыздандырғышқа немесе дезинфекциялау ерітіндісіне салу керек.

    - педикюр жастықшасы әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiмен  сүртіліп, аяққа және қолға арналған ванналар әрбiр клиенттен соң дезинфекциялануы керек;

    - құралдарды зарарсыздандыру үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтары бар жабдықтар, аппаратуралар және материалдар пайдаланылады.

Сонымен қатар сұлулық салонының қызметкерлері жұмысқа орналасар алдында міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өтуі тиіс, көпшілікпен жұмыс жасауға рұқсаты бар жеке медициналық кітапшалар жұмыс орындарында сақталады. Терi қабатының тұтастығын бұзу арқылы манипуляцияларды жүзеге асыратын объектiлердің жұмыскерлерi жұмысқа кiру кезiнде және жылына 1 рет  В және С вирусты гепатитке тексерiледi.

Парентералдық гепатиттің және адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтырудың алдын алу мақсатында қолдың қанмен ластануы мүмкін барлық манипуляциялар резеңке қолғаптармен жүргізіледі. Персоналда ашық микрожаралар, сызаттар, жарықшақтар, іріңді аурулар болған жағдайда қорғаныш заттарымен (саусаққа кигішпен, лейкопластырьмен) оқшауланбаған жұмыскерлердің клиенттермен жұмыс істеуіне тыйым салынады.

А.Ахметов,

Шымкент қ. СЭБД басшы орынбасары