Босандыру мекемелерінде инфекциялардың алдын алу шаралары
Гинекологиялық және босанудан кейінгі медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар (МККБИ) – акушерлік бағытта босанудан кейінгі жиі кездесетін асқыну. Тіпті ана өліміне, мүгедектікке немесе созылмалы ауруларға әкелетін күрделі мәселелердің бірі.
Инфекция қоздырғыштары әйел ағзасына босану жолдары немесе жатыр арқылы еніп, таралған жағдайда септикалық аурулардың дамуы жоғары болады. Әйел босанғаннан кейін әлсізденіп, иммунитеті төмендейді. Әртүрлі инфекцияға сезімтал келеді. Соңғы жылдары бойжеткен қыздардың денсаулықтары әлсіз. Босанудан кейінгі инфекциялық аурулардың клиникалық ағымы, ауырлығы, аурудың болжамы әртүрлі болады. Бірақ, клиникалық ерекшеліктеріне қарамастан босанудан кейінгі барлық аурулардың сан түрі болып байқалатын бірнеше жалпы белгілері анықталған:
• Дене температурасының жоғарылауы;
• Орталық жүйке жүйесіндегі өзгерістер. Босанудан кейінгі ойық жара, эндометрит, әлсіздену, бастың ауыруы. Ауыр түрлерінде жалпы жағдайдың нашарлауы, бастың ауыруы, ұйқының қашуы, сандырақтау;
• Қанда эритроциттердің және гемоглабиннің мөлшері төмендейді, лейкоцитоз жоғарылайды, өте ауыр жағдайда лейкопения болады.
Аурудың қоздырғышы: алтын түсті стафилакокк, гемолитикалық стрептококк, сирек жағдайда ішек таяқшасы, көк іріңді таяқша, гонококк.
Алдын алу жолдары:
- емдеу-профилактикалық мекемелерде барлық персонал мен пациенттер қол жуу ережесіне сай дұрыс жуу мен өңдеуді сақтау;
- босанғаннан кейінгі бөлімшенің палаталары кемінде күнтізбелік үш күн болудан аспайтындай циклмен толықтырылуын қадағалау;
- емдеу-профилактикалық мекемелерде санитариялық-эпидемиологиялық ережелердің, дезинфекциялық-стерилизациялық режимдерді қатаң сақтау;
- бөлімшелердегі таза және лас медициналық құрал-саймандарды бір-бірінен бөлек ажырату;
- палаталардағы бір төсек алаңын, яғни стационарда 7м2, күндізгі стационарда 6,5 м2 сақтау;
- палаталарды жұмсақ мүкаммалмен (төсек-орын жабдықтарымен, жаялықтармен, орамалдармен) толықтай қамтамасыз ету;
- медициналық бұйымдарды сапалы дезинфекциялауды және стерилдеуді қамтамасыз ету;
- босандыру бөлмелерінің ауасын жиі желдету және ультра күлгін сәулелендіру шамымен залалсыздандыру ;
- емдеу-профилактикалық мекемелерінде ағымды және күрделі жуу-тазалау жұмыстарын сапалы жүргізу.
А. Тұрымбетова,
Шымкент қ.СЭБД басшы орынбасары