Мемлекеттік қызмет көрсету туралы
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 9-бабының 26) тармақшасының, 19-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларының және 20, 21 және 22-баптарының, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020г бұйрығы негізінде Шымкент қаласы Тұран ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы саласында мемлекеттік қызметтердің 3 түрін көрсетеді.
1) Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтарына зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына, шикізаттың жаңа түрлеріне және өнімнің халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру (қызмет көрсету мерзімі - 10 жұмыс күні);.
2) Эпидемиялық мәні жоғары объектінің және қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібін айқындайды.
3) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру (Қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні);
Барлық мемлекеттік қызметтер "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz. веб-порталы арқылы көрсетіледі
Қызметке тапсырыс беру үшін, алдын ала ЭЦҚ болуы қажет, құжаттар топтамасымен танысу қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болатын:
1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2.Ұсынылған объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, ал порталда тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тегін көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінен жүзеге асырылады.
М.Т.Сарманова,
Шымкент қаласы, Тұран ауданының СЭББ бас маманы