Теміртапшылығы анемиясының алдын алуда тағамға фортификацияланған ұнды пайдаланудың маңыздылығы
Бүгінгі күні Шымкент қаласының барлық ұн тарту зауыттарында темір тапшылығы анемиясының алдын алу мақсатында фортификацияланған ұн әзірлейді.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын жоғары және бірінші сортты бидай ұны құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен және басқа да заттармен байытуға (фортификациялауға) жатады.
Бұл мәселені шешу үшін көптеген елдерде жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұнын жетіспейтін компоненттермен нығайту (байыту) темір тапшылығы анемиясының алдын-алу әдістерінің бірі ретінде қолданылады. Бұл әдіс арзан, жылдам және тиімді. Фортификация кезінде ұнға витаминдер мен минералдар (темір, мырыш, фолий қышқылы және В тобындағы витаминдер) қайтарылады, олар тартылған кезде жоғалады, ал қосылған элементтер тағамдық қасиеттерді арттырады, бірақ ұнның түсіне, дәміне, иісіне әсер етпейді.
Темір тапшылығы анемиясында ағзаның иммунитетінің төмендігі COVID-19 сияқты басқа аурулардың болуына себеп ретінде белгілі рөл атқарады.
Адамның денсаулығына қаупі бар мәселелердің бірден бірі – тағамдағы темір және фолий қышқылы сияқты витаминдер мен минералдардың жетіспеушілігі себебінен болатын теміртапшылығы анемиясы.
Темір мен фолий қышқылы жетіспеушілігі анемиясы бар әйелдер аз салмақтағы балаларды жиірек босанады, шала туу және күтпеген түсік қаупі артады. Ересектерде жүрек-тамыр, иммундық, эндокриндік, жүйке және басқа жүйелер функциялары бұзылады. Күш қуаты мен төзімділіктің әлсіреуінен жұмыс істеу қабілеттілігі төмендейді. Жас балалардың дене бітімі дамымай жетілмейді және имммунитеті әлсіреп, індетке қарсылығы нашарлайды.
Осыған байланысты темір тапшылығы анемиясының алдын алу мақсатында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті асқа фортификацияланған ұнды пайдалануды ұсынады.
Барлығыңызға зор денсаулық тілейміз!
А.Ахметов,
Шымкент қ. СЭБД басшы орынбасары
Бөлісу тақырыбы: Теміртапшылығы анемиясының алдын алуда тағамға фортификацияланған ұнды пайдаланудың маңыздылығы