Ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және суфакторларына байланысты аурулар
Орталықтанған сумен қамтамасыздандыру жүйесіндегі ауыз судың сапасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және суобъектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерімен реттелген.
Осы стандартқа сәйкес ауыз су эпидемиологялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттері болуы керек.
Тұрғындардың шаруашылық-ауыз су қажетіне пайдаланылатын су келесі гигиеналық талаптарға сәйкес келуі қажет:
1. органолептикалық қасиеттері жағымды, мөлдір, түссіз болуы және суға тән емес ешқандай бөгде дәм мен иістің болмауы;
2. адам ағзасын азиянды әсерлерді беру қабілеті бар тұздар мен уытты заттардың шамадан артық мөлшерде болмауы;
3. патогенді қоздырғыштардың, гельминттердің жұмыртқалары және личинкаларының болмауы.
Судың эпидемиологялық тұрғыдан қауіпсіздігі оның микробиологиялық көрсеткіштеріне сәйкестігімен анықталады. Қазіргі уақытта жердің беткі қабатындағы су көздерін пайдаланушы су құбырының су тарату желісіндегі судың вирустармен ластануын бағалау үшін колифагтарды анықтау қабылданған. Олардың көрсеткіші болып 100 мл судағы түйін құраушы бірліктердің (ТҚБ) саны қабылданған. Оларауыз суда болмауы қажет. Ауыз суда патогенді микроорганизмдер және гельминттер мүлдем болмауы тиісті. Олардың болуы сумен қамтамасыздандыру жүйесінде маңызды ақаулардың барын және ауыз су құбырының канализация коллекторымен немесе өнеркәсптік су жүйесімен тікелей байланысының барын көрсетеді.
Ауыз судың сапасына бақылау сумен қамтамасыздандыру жүйесін пайдаланушы ұйымның арнайы зертханаларымен (өндірістік бақылау) және аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық ұйымдарымен жүргізіледі.
Су факторларына байланысты барлық ауруларды екі үлкен топқа бөлуге болады:
- судың биологиялық құрамына байланысты аурулар тобына;
- судың химиялық құрамына байланысты аурулар тобына.
Судың биологиялық ластануы адамдарда жұқпалы және паразиттік аурулар туғызатындықтан, эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті екендігі айтылды.
Судың химиялық құрамына байланысты ауруларды да (жұқпалы емес ауруларды) екі топқа бөледі:
- судың табиғи химиялық құрамына байланысты ауруларға;
- судың антропогендік химиялық ластануы мен байланысты аурулар.
Микроэлементтердің (йод, бром, фтор, селен, стронций, молибден, кобальт және басқалардың) биологиялық белсенділігі жоғары болғандықтан, олар адам ағзасында көптеген физиологиялық және зат алмасу үрдістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды, минералдық заттардың алмасу үрдістеріне қатысады және түрлі биохимиялық реакциялардың катализаторы ретінде ағзадағы жалпы заталмасуына әсер етеді.
Бірақ, ағзадағы микроэлементтердің мөлшері олардың қоршаған орта нысандарының құрамында (оныңішінде суда да) болуына тікелей байланысты болғандықтан, кезкелген микроэлементтің суда немесе басқа орталарда жеткіліксіздігі, не артық мөлшерде болуы, адам ағзасының әртүрлі функцияларының бұзылуынан емес аурулардың пайда болуына әкелуі мүмкін.
Ауыз судың химиялық құрамы бойынша зиянсыздығы ауыз суда кездесетін уытты заттардың топтарын зертханалық зерттеулермен анықтайды. Судың жарамды органолептикалық қасиеттерді суды ішуде тікелей физиологиялық сезіну қарқындылығы бойынша нормаланады.
Т.А.Алдабергенова,
ҚР ДСМ СЭБК Шымкент қаласы
СЭБД Еңбекші ауданының СЭББ бас маманы
Бөлісу тақырыбы: Ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және суфакторларына байланысты аурулар