Тамақпен улану және алдын алу шаралары

Тағамдар ауыр тағамдық уланудың себебі болатындығы ежелден белгілі, кей жағдайларда адам өліміне әкеліп соғуы да мүмкін. 

Screenshot_8.jpg

Тағаммен улану дегеніміз – микробтардың белгілі бір түрімен ластанған, олардың шығындыларымен – токсиндерімен ластанған немесе адам организміне улы әсер ететін микробты емес заттармен ластанған тағамды жегеннен жедел пайда болатын (созылмалы түрі сирек кездесетін) аурулар.

Ауру табиғаты тек жұқпалы ғана емес, ол тағам құрамына органикалық емес заттардың түсуінен де болуы мүмкін. Тағам құрамына түсіп, улану тудыратын, органикалық емес заттарға мыналар жатады: мырыш, мышьяк, қорғасын тұздары және фтор қосындылары. Улану тағам құрамына органикалық химиялық қосылыстардың түсуінен (ауылшаруашылықта қолданылатынулы химикаттар және т.б) және тағам ретінде улы өсімдіктерді қолданғанда да (қозықұйрықтар, ұнға түскен арам шөптер дәнегімен, жеміс-жидектердің улы дәнектерімен және т.б) болуы мүмкін.

Егер ауру адам ағзасына тірі микробтардың түсуінен немесе олардың өмір сүру кезеңінде пайда болған болса, онда ол тамақтан улануды-тағамдық токсикоинфекцияларға жатады. 

Тағамдық токсикоинфекция –тамақ ішкеннен кейін, аяқ астынан көп адам ауырады, ол тамақты дайындағанда, тасымалдағанда, сақтағанда немесе сатқанда  белгілі бір санитарлық ереже бұзылғандықтан болған, ол тамақты сатуды немесе қолдануды тоқтатқаннан кейін адамдардың ауырғаны да тоқтайды.      

Жасырын кезең орташа есеппен 6-24 сағ. арасында. Егер ластанған тағам сауда орындарында немесе қоғамдық тамақтану орындары арқылы көп мөлшерде таратылған болса, онда жаппай улану орын алады. Егер отбасында немесе бірнеше адам жиналғанда улану болса, ондай улануды отбасылы немесе топтасқан улану дейді.

Клиникасы - ауру аяқ асты басталады. Адамның іші толғақ сияқты ауырады, қалтырайды, басы айналады, іші өтеді, құсқысы келеді, кейбіреулері жиі құсады, әлсіз болады, кейбіреулердің температурасы субфебрильді болады, көпшілігінің температурасы нормада болады.

Алдын алу  тағамдық токсикоинфекцияны болдырмау үшін, тағам дайындайтын объектілерде жұмыс істейтін адамдардың арасында бактериотасымалдаушыларды уақтылы анықтап, олардың уақтылы емделуін қамтамасыз ету. Қоғамдық тамақтану орнында тамақты дайындағанда санитарлық ережелердің қатаң сақталуына көңіл аудару керек. Дайын тағамдар мен шикі тағамдарды бір мұздатқышта сақтауға тиым салынады. Дайын тағамдарды арнайы көлікте тасымалдау. Технологиялық процесс кезінде қолданылатын қондырғылар, құрал-жабдықтарды мұқият өңдеу (жуып тазалау) және залалсыздандыру. Жеке бас гигиенасын қатаң сақтау. Құрал-жабдықтарды қатаң таңбалануына байланысты қолдану.  

Исабекова З.Б.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының СЭББ маманы