Темір тапшылығы анемиясы ауыруларының алдын алу
Темір тапшылығы анемиясы (қаназдық) -қанның құрамында гемоглобин мен эритроциттің төмендеуімен сипатталатын патология.
Анемия газ алмасуды өзгертеді, гемоглобин оттегімен байланысып эритроциттер арқылы оны тіндерге тасымалдайды. Бұнда гемоглобин оттегін қалдырып көмірқышқыл газын алады. Осылайша ағзада тіндерінде газалмасу процессі жүреді. Анемия өзіндік ауруға жатпайды, бұл адам ағзасында қандай да -бір болып жатқан ақаудың белгісі болып саналады.
Темір тапшылығы анемиясыең жиі кездесетін анемия болып табылады.
Темір тапшылығы анемиясының негізгі белгілері: терінің, еріннің және шырышты қабаттардың бозаруы, күштің болмауы- әлсіздік, шаршаудың жоғарлауы, ашуланшақтық, күндізгі уақытта ұйқы келуімен, шаш, тері, тырнақтардың , бас айналу, құлақтың шуылы, көз алдында жыпылықтайтын "шыбындар" ұшуы байқалады.
Темір тапшылығы анемиясы ауыруларының алдын алу:
- бұл дұрыс тамақтану,
- зиянды әдеттерден арылу,
- дене белсенділігін жоғарлату,
- уақтылы профилактикалық медициналық тексеруден өту.
Ас мәзірінде әрдайым жұмыртқа, ірімшік, балық, пісірілген ет тағамдары, көкөністер, жеміс-жидектер мен байытылған, фортификацияланып байытылған бидай ұндары мен осы байытылған ұннан дайындалған тағам өнімдерін күнделікті пайдалану -бұл темір тапшылығы ауыруының алдын алу болып табылады.
Темір тапшылығы анемиясы мен темір тапшылығын таблеткалар, капсулалар, шәрбәттар мен тағыда басқа микроэлементтер мен дәрумендер препараттарын қабылдау арқылы емдеу ол уақытша ғана қолжетілімдік. Сондықтан Қазақстанда 2003 жылы халықаралық ұйымдардың қолдауымен бірінші және жоғары сұрыпты бидай ұнын алты микронутриентпен: темір, мырышпен және 4 дәруменмен-В1, В2, фолий және никотин қышқылдарымен фортификациялау бағдарламасы басталған. Осы стратегияның артықшылығы-оның арзанға түсуі және тұрғындарды түгел қамту мүмкіндігі.
Тұрғын халықтың барлық жас ерекшеліктік және әлеуметтік топтарының үлкен бөлігі тұтынатын бұқаралық азық-түлік өнім-ол ұн мен ұннан дайындалатын тағам өнімдері.
Әлеуметтік зерттеулер нәтижесі бидай ұнын темір және фолий қышқылымен фортификациялаудың жоғары тиімділігін және үнемділігін айғақтаған.
Қазақстанда күнделікті пайдаланатын тағам өнімдері- нан және бидай ұнынан дайындалатын өнімдер болып саналады.
«Дастарханыңызда күн сайын қандай өнімдер болады?» деген сауалнамаға халықтың 95,0 пайызы «нан» деп жауап берген.
Кең тараған астық дақылдары бидай мен қара бидайдың өзі В1, В2, В6, Е витаминдерінің, сондай –ақ темір мен цинктің қайнар көзі болып табылады. Ұнды алу кезінде бітеу бидайдың құрамындағы дәрумендер мен минералдардың 75-90 пайызы жойылып кетеді. Ұнды құрамындағы жойылып кеткен витаминдер мен минералдарды қалпына келтіріп, байыту бағдарламасы халық арасында кең тараған темір тапшылығы анемиясы, мырыш тапшылығы, гиповитаминоз ауруларының алдын алуға бағытталған.
Бидай ұнын темір қосылымдармен байыту - Қазақстанның тұрғын халқын денсаулығын жақсартуға арналған ұзақ мерзімді үздік стратегиясы.
Ұнды байыту Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №301 «Тамақ өнімдерінің қәуіпсіздігі туралы» Заңына сүйеніп жүргізіледі.
Тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Өз денсаулығыңызға салғырт қарамаңыз, кез келген аурудың алдын алатынызды естен шығармаңыз.
Утемисова Б.А.,
Еңбекші ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.