Адам папиллома вирусы

Адам папиллома вирусы – әлемдегі ең көп таралған вирус. Оның алуан түрі бар. Қазірге дейін зерттелген штамдарының өзі 200-ден асады. Ең қауіпті түрі – 16 және 18-типтегі вирус. Мұндай онкогенді вирустар жатыр мойны мен вульвада, ер адамның жыныс мүшесі мен шырышты қабаты бар басқа да органдарында обыр ауруын туғызады.   

Screenshot_22.jpg

Адам папиллома вирусының тағы 10 түрі қауіпсіз ісік шақырады. Штамдардан сүйел, кондилома, респираторлық папилломатоза пайда болады. Вирус байланыс арқылы жұғады. Заттардың беткі қабатында ұзақ өмір сүре алмайды. Сондықтан көбіне жыныстық жолмен тарайды. Адам папиллома вирусы емдеуді қажет етпейді. Бұл ауру коронавирус не тұмау сияқты байқалмайды. Адамның иммун жүйесі антидене түзеді, 1,5-2 жылда ағза вирусты жеңіп шығады. Бірақ адам папиллома вирусының кей штамдарына иммун жүйесінің шамасы жетпейді. Қатерлі ісікке айналмай тұрып, вирус көп жыл бойы жасушада өмір сүре беруі мүмкін. Ұзақтығы иммун жүйесіне байланысты. Ғылыми тұрғыда дәлелденген жалғыз жолы – вакцина салғызу. Екпе вирус салдарынан туған қатерлі ісіктен немесе басқа да аурулардан емдемейді. Кез келген вакцина сияқты бұл да – алдын алу шарасы. Балаларға бірінші жыныстық серігі пайда болғанша, 9-11 жасқа дейін салады. Жыныстық серігіңіз көп болған сайын, адам папиллома вирусын жұқтыру ықтималдығы арта береді. Екпені 45 жасқа толмаған кез келген адам салғыза алады. Вакцина вирустан 8-10 жылға қорғайды. Кейін тағы салу керек. Екпе салдырған адамның өзі жылына бір рет гинекологқа қаралып тұруы керек. Әр төрт жыл сайын скринингіден өту қажет.

Ордабаева А.Т,

Әл-Фараби ауданының санитариялық-эпидемиологиялық 

басқармасының жетекші маманы 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Адам папиллома вирусы