Инфекциялық бақылау
Инфекциялық бақылау (бұдан әрі) – пациенттің денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызметтерді алуымен байланысты бактериялық, вирустық, паразиттік немесе грибоктен пайда болатын кез келген инфекциялық ауру немесе қызметкердің медициналық ұйымда жұмыс істеуі салдарынан пайда болатын инфекциялық ауру.
Қазақстан Республикасында медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу және бақылау жүйесін нығайту стратегиясын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қорының техникалық көмегімен дайындады. Бұл стратегия медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу және бақылауды ұйымдастыру бойынша ДДҰ-ның қазіргі заманғы ұсынымдары мен тәсілдеріне сәйкес елдің босандыру қызметіндегі инфекциялық бақылаудың ағымдағы жай-күйіне ахуалдық талдау жүргізу нәтижелерінің негізінде әзірленді.Эпидемиялық процесінің таралуы мен сипатына соңғы жылдары енгізіліп жатқан медициналық технологиялар мен медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерінің өзгерістері елеулі әсер етеді, соның ішінде:
• емдеудің хирургиялық әдістерін қарқындату, имплантацияланатын материалдар мен құрылғылардың өсуі, мүшелер мен тіндерді транспланттау нәтижесінде қоздырғыштардың берілуінің жасанды механизмдерін қалыптастыру;
• пациенттің стационарда болу ұзақтығын төмендету, стационарды алмастыратын технологияларды енгізу;
• шағын инвазивті медициналық технологияларды кеңінен енгізу нәтижесінде агрессияны төмендету;
• дене салмағы төмен және өте төмен балаларға күтім жасау технологиясын кең тарату;
• диагностикалау және емдеу үшін зарарсыздандырудың ерекше әдістерін қажет ететін күрделі медициналық техниканы кеңінен пайдалануды қоса алғанда, емдеу-диагностикалық процестің техникалық қанықтығы;
• медициналық технологиялардың микробқа қарсы қорғанысының өсуі;
• пациентті барынша оқшаулау қағидатын келушілер үшін стационарлардың ашықтығымен ауыстыру. Бір жағынан, бұл факторлар бір реттік шығыс материалдарын, медициналық технологияны орындау кезінде жеке оқшаулау қағидатын, қолды зарарсыздандырудың, клинингтің, ауаны дайындаудың заманауи жүйесін және т.б. енгізу арқылы экзогендік инфекция жұқтыру қаупінің айтарлықтай төмендеуіне алып келеді. Пациенттің клиникада стационарлық емдеуде болу уақытын қысқарту микроорганизмдердің эпидемиялық қауіпті ауруханалық штамдар қалыптасуының алдын алуға жәрдемдеседі. Эндоскопиялық технологияларды енгізу медициналық араласу агрессиясының (МКБИ тәуекелінің негізгі факторы) айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Екінші жағынан, заманауи медициналық технологияларды енгізу дені сау адамда патология тудырмайтын инфекцияларға қарсы тұра алмайтын ауыр сырқаттары бар науқастардың өміршеңдігінің өсуіне әкеледі. Медицинадағы бұл беталыстар медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың құрылымын өзгертеді. МКБИ тәуекелінің жалпы төмендеуімен бірге ауыр асқынулардың үлесі артып отыр. Неонатологиялық көмек көрсету кезінде олар жаңа туған нәрестенің терең жетілмегендігімен, микроорганизмдерден қорғану жүйелерінің қалыптаспағандығымен байланысты болып табылады. Медициналық көмектің басқа салаларында бұл қауіп, мысалы, имплантаттың контаминациясымен айқындалады. Осылайша, МКБИ халықтың денсаулығына және көмек көрсету жүйесінің негізгі сипаттамаларына – сапаға, қауіпсіздікке, тұрақтылыққа, ресурстармен қамтамасыз етілуге – айтарлықтай теріс әсер ететін әлемнің барлық денсаулық сақтау жүйелері үшін жаһандық проблема болып табылады. МКБИ-ге қарсы тұрудың тиімді жүйесі жоқ елдерде жағдай айтарлықтай нашарлайды, бұл бірінші кезекте осал пациенттер – жаңа туған балалар, қарт адамдар, негізгі ауруы ауыр өтетін және көптеген жанамалас аурулары бар пациенттер, агрессивті және инвазивті медициналық манипуляцияларға, органдарды трансплантациялауға және т.б. ұшыраған пациенттер арасында денсаулықтың нашарлауына және өлім-жітімнің өсуіне әкеледі.
А.Темірхан,
Әл-Фараби аудандық санитариялық эпидемиологиялық
бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы