Қызылшаға қарсы қосымша жаппай егу

Қазіргі таңда халық  арасында  қызылша  ауруы  жиі тіркелініп, эпидемиологиялық жағдай  күрделенуде.  Аурушаңдық  балалар  арасында көп тіркеленуде,  оның ішінде  қызылшаға қарсы екпе алмаған  балалар  ауырған.   Профилактикалық  екпе алмағандар  көбінесе ата-аналарының  бас тартуынан болып отыр.

Screenshot_27.jpg

Қызылшамен  сырқаттанушылықтың  одан  әрі  таралуының  алдын  алу  мақсатында  Қазастан Республикасы  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  2023 жылдың 1 қарашадағы   №7 Қаулысына сәйкес қызылшаға  қарсы  қосымша жаппай иммундау  жүргізілу басталды.

Егілетін адамның немесе ата-анасының (заңды  өкілдерінің)  хабардар  етілген келісімін  алғаннан  кейін қызылшаға,  қызамыққа  және  паротитке  қарсы  қосымша  жаппай  иммундау  (бұдан  әрі  – қызылшаға қарсы ҚЖИ) жүргізіледі.

Қызылшаға қарсы ҚЖИ-ға жататын контингенттер:

1) 6  айдан  бастап  10  ай  29  күнге дейінгі  балалар – осы  санаттағы 

балаларды қосымша иммундау қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы 

вакцинаның (бұдан әрі – ҚҚП) қолда бар көлемін қолдана отырып 2023 жылғы  6  қарашадан  басталды;  бұл  ретте  қызылшаға  қарсы  ҚЖИ кезеңінде профилактикалық  егуді  алған  6-11  айлық  балалар  12-15  айға  толған  кезде «Медициналық  көмектің  кепілдік  берілген  көлемі  шеңберінде  оларға  қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес кемінде 4 апта аралықпен  қызылшаға қарсы жоспарлы профилактикалық егуді алады; 

-2 жастан  бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар қызылшаға қарсы  егу  мәртебесіне  қарамастан, жоспарлы  тәртіппен  – осы  санаттағы балаларды  қосымша  иммундау  ҚҚП-ға  қарсы  вакцина  партиясы  түскеннен кейін – ҚҚП-ға қарсы вакцина қолданыла отырып  2023 жылғы 5 желтоқсаннан басталады;

3) қызылшаға  қарсы  профилактикалық  екпелері  жоқ,  сондай-ақ 2019- 

2020  жылдары  және  2019  жылдан  бастап  қазіргі  уақытқа  дейінгі  кезеңде 

эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізілген осы инфекцияға қарсы  алдыңғы қосымша жаппай иммундау барысында қызылшаға қарсы егілмеген  медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері.

Бұл  ретте 6  айлық  балаларды  қызылшаға  қарсы  ҚЖИ қызылшамен 

сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін, 2 жастан бастап  4  жас 11  ай  29  күнге дейінгі  балалар  мен медицина 

қызметкерлеріне 2023  жылғы   желтоқсаннан  бастап  2024  жылғы  қаңтар 

аралығында жүргізіледі.

Қызылшаға қарсы ҚЖИ-ға  жатпайтын  контингенттер:

1) қызылшамен  ауырған  (расталған  жағдаймен эпидемиологиялық 

байланысты  зертханалық  және  клиникалық  расталған  жағдайлар), 

құжаттамалық растауы бар адамдар;

2)  ҚҚП  вакцинасына  тұрақты  медициналық  қарсы  көрсетілімдері  бар 

адамдар;

3) инфекция  ошақтарында  қызылшаға  қарсы  эпидемиологиялық 

көрсетілімдер  бойынша  және  2023  жылы  толықтыра иммундау  шеңберінде  егілген балалар;

4) 2019-2020  жылдар  кезеңінде  және  2019  жылдан  бастап 

эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша қызылшаға, қызамыққа, паротитке  қарсы иммундау туралы құжаттамалық растауы бар медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері.

Алдыңғы ҚҚП және басқа да тірі вакциналарға қарсы екпеден аралық 

кемінде  4  апта  болуы  тиіс.  Тірі  және  белсенді  емес  вакциналарды  енгізу 

арасындағы аралық сақталмайды.

Қосымша жаппай иммундау қаланың барлық алғашқы медициналық-санитариялық көмек  көрсету мекемелерінде демалыссыз тегін дені сау адамдарға жүргілуде. 

Тұрғындар  бір себеппен екпелерін аалмаған болса өзіңіз тіркелген емханаларға барып  қызылшаға қарсы  егу алуға болады.  

Құрметті ата-аналар  балалардың  денсаулығын  сақтаңыздар! 

Екпе алудан бас тартпаңыздар!

А.Б.Мусаева,

Шымкент қаласы, Тұран ауданының СЭББ бөлім басшысы 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қызылшаға қарсы қосымша жаппай егу