Йод тапшылығы ауруларының алдын алу
Йод тапшылығы аурулары (ЙТА) – организмге йодтың жеткіліксіз түсуіне байланысты қалқанша безінің функциясының бұзылуына байланысты ағзаның патологиялық жағдайы, бұл балалардың интеллектуалды дамуының кешеуілдеуіне, туа біткен деформациялардың жиілігінің жоғарылауына, нәресте өлімінің жоғарылауына, неврологиялық бұзылуларға (көру және есту жүйкелерінің зақымдануы) әкеледі.
Йод тапшылығының алғашқы белгілеріне есте сақтау қабілетінің нашарлауы, солғындық, ұйқышылдық және т.б. Бұл белгілердің пайда болуы эндокринологпен кеңесуге себеп болады.
Йод жетіспеушілігінің негізгі көрінісі – эндемиялық зоб, яғни қалқанша безінің ұлғаюы. Біздің денеміз йод шығармайды, сондықтан йод көзі тамақ болып табылады. Ересек адам үшін йодты тұтыну мөлшері тәулігіне 150-200 микрограммды құрайды. Жүкті және емізетін әйелдерде қажеттілік 200-300 мкг дейін артады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, йод тапшылығы жағдайларының алдын алуды қол жетімді және қолайлы әдіспен шешуге болады – халықтың сапалы йодталған тұзды, тамақ өнімдерін күнделікті тұтынуы.
Йодтың ең жоғары концентрациясы теңіз балықтары мен теңіз өнімдерінде болады (800 - 1000 мкг/кг), әсіресе теңіз балдырлары йодқа бай. Олардың ішіндегі ең танымалы – теңіз қырыққабаты (балдыр). Балық майында йод өте көп.
Тәулігіне 6 грамнан аспайтын мөлшерде йодталған тұзды (йод мөлшері 40 мг/кг тұз, орташа әлемдік стандарттарға сәйкес келеді) күнделікті тұтыну (ДДҰ ұсынған), адам ағзаның күнделікті физиологиялық қажеттілігін өмірлік маңызды микроэлементтермен қанағаттандырады. Йодталған ас тұзын қолдану йод тапшылығын алдын алудың ең әмбебап әдісі болып табылады.
Тұз – бұл тағамға арнайы өңдеусіз қосылатын жалғыз минерал. Йодталған тұз – бұл дәрі емес, тамақ, бұл профилактикалық өнім.
Йод жоғары ылғалдылықта және ашық ауада әрекеттескенде тез ыдырайды. Тұздың пайдалы қасиеттерін, атап айтқанда құрамындағы «йодты» сақтау үшін оны құрғақ, қараңғы жерде сақтау керек және жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін тұтынбау керек.
Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары аудан аумағындағы дүкендерде сатылатын тұздағы йодтың құрамына тұрақты бақылау жүргізеді.
Сонымен қатар күнделікті йодталған тұзды пайдалануға кеңес береміз.
Йодталған тұзды пайдалану арқылы Сіздің денеңіз күнделікті қажетті мөлшерде йод алады, сіз өзіңізге және жақындарыңызға денсаулықты сақтауға көмектесесіз.
К.А.Адырбаева,
Шымкент қаласы Абай ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы