Ботулизм ауруы және оның алдын-алу жолдары

Ботулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аурудың ауыр түрі. Ботулизм – Clostrіdіum botulіnum таяқшасы бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген ластанған тамақтан жұғады. Ботулизмнің қоздырғышы адамның, жануарлардың және балықтардың ішек жолдарында болады.

Screenshot_19.jpg

Топыраққа түскеннен кейін спораға айналып, онда бірнеше жыл бойы сақталады. Ботулизм ауруы – тамақтан уланудың ауыр түрі, дер кезінде дәрігерге қаралмаса өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Көбінесе үй жағдайында дайындалған қолдан жапқан саңырауқұлақ, баклажан, көкөніс, салат, ет, балық консервілерін пайданғаннан болады.Аурудың негізгі белгілері 2-12 сағат аралығында байқала бастайды: науқас адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, аузы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады. Сонымен қатар көздің қарашығы ұлғайып, алдында тұрған зат қосарланып көрінеді, адамның жұтынуы қиындап, бірте-бірте даусынан айрылады (афония).

Аурудың алдын-алу жолдары: 

– Базар, сауда нысандарынан, ретсіз сауда орындарынан үй жағдайында дайындалған, қолдан жапқан консервіленген саңырауқұлақ, көкөніс, салат, ет, балық өнімдерін сатып алуға болмайды;

– Консервіленген салаттарды пайдаланған кезде қақпағы күмпиген (ісінген) бомбаж салаттарды пайдаланбаңыз;

– Жеміс-жидек, көкөніс консервілеген кезде оларды жақсылап жуып, тазасын, бүлінбегенін пайдаланғаныңыз жөн.

Ботулизмнің алғашқы белгісі байқалғаннан дереу жедел жәрдем шақыру қажет.Науқасқа жедел түрде «Ботулизмге» қарсы арнаулы иммунды сарысу егіледі. Мұндай сарысуды науқаспен бірге тамақтанған басқа адамдарға да егу қажет.

Құрметті оқырман!Үй жағдайында салат дайындағанда, жеміс-жидек, көкөніс тұздағанда, банкілерді залалсыздандырып, санитарлық-гигиеналық талаптарды мұқият орындау керек екендігін есте сақтауларыңыз қажет.Біздің айтқызымыз келгені консервіленген тағамдарды қолданғанда пайда болатын «Ботулизм» ауруы туралы болмақ.

Өз денсаулықтарыңыз өз қолдарыңызда!

Д.С.Аласқар,

Әл-Фараби ауданы СЭББ бас маманы