Қызылша ауруының алдын алу

Қызылша –жедел жұқпалы ауру. Жұғу жолдары вирус ауа тамшылары арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде сыртқы ортаға тарайды. Инфекция көзі- науқас адам. Қызылшамен ауырғандарда иммунитет  өмір бойы қалыптасады.

Қызылшаның клиникалық белгілері: 

- алғашқы күндері әлсіздік;

- дене қызуының көтерілуі; 

- бас ауруы;

- мұрны бітуі;

- жөтел; 

- 3-4 күннен кейін бетінде, мойнында бөртпелер пайда болып, денесіне тарайды. 

Ауру тек науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңінің 2-ші күнінен денедегі бөртпелер 4 күн аралығында қатынаста болған адамдарға тыныс алу арқылы ауадан жұғады. Адам өмірінде қызылшамен ауырмаған болса, не егілмеген жағдайда, өзіне жұқтырады.

Қызылшаның белгілері, денедегі бөртпелердің өрбуі. Жасырын кезеңі 9-11 күн, егер иммуноглобулин алған болса, жасырын кезеңі 15-21 күнге созылуы мүмкін. Алғашқы белгілері: қызуы көтеріліп, әлсізденіп, тамаққа тәбеті нашарлап, мұрнынан су ағып, ащы жөтел пайда болып, көзі қызарып қабынады. Одан жұмсақ және қатқыл таңдайда теңбіл (пятнистая) бөртпелер пайда болады. Қызылша бөртпелерінің ерекшелігі: бірінші күні бөртпе бетте, мойында, екінші күні денеде, қолда, сан терілерінде, үшінші күні балтыр, аяқтарда шығады, ол күні беттегі бөртпелер бозарады. Бөртпелер көлемі 2мм болып, кейде бірнешеуі бірігеді, дегенмен әрбір бөртпелер арасында таза тері көрініп тұрады. 3-4 күннен кейін бөртпелер бозарып, орны қоңырланып, жұқа қабыршықтар қалады. Қызылшаға көздің қызарып, қабынуы, ірің шығып, таңертең кірпіктерін ашудың қиындығы, мойын артында, қолтық бездерінің үлкеюі, ұстағанда ауырсынуы тән. Кейде өкпеде сырыл естілуі, кейбір науқастың іші ауырып, аздап өтуі мүмкін.

Қызылшаның асқынғанында ағзаның орталық жүйке жүйесінің жұмысы зақымдалып, жүйкенің қабынуынан өзгерістер көп болады.

Қызылша науқасы  дер кезінде медициналық көмекке жүгініп, ем алуы қажет. 

Ауру жұқтырған науқастарға төсекте жату, сұйықтықты көп ішуге кеңес беріледі, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер тағайындалады.

Қызылша ауруының алдын алу бойынша іс-шаралары: 

Аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі- екпе алу болып саналады. ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне сай ең алғашқы вакцинация дені сау балаларға 12-5 айлығында, екіншісі 6 жаста жасалынады. Қызылшаға қарсы вакцинация балаларға 1 жасында  және  6 жасында жүргізіледі.  Науқаспен қарым-қатынаста болғандарды және қызылшаға қарсы  егулерін анықтап, қызылшаға қарсы егілмеген және егуі туралы мәліметі жоқ, осы аурумен ауырмаған 30 жасқа дейінгі тұрғындарға 72 сағат ішінде ККП вакцинасымен егу ұйымдастырады. Сондай-ақ 55 жасқа дейінгі медицинанық  жұмыскерлерге және өз қалауымен 30 жастан асқан адамдарға салынады.

А.Абдуллаева,

Шымкент қаласы Тұран ауданының СЭББ-ның

эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қызылша ауруының алдын алу