ҚР егу күнтізбесіне сай жоспарлы екпелердің маңызы

Вакцинация – балалар мен халықты көптеген жұқпалы аурулардан қорғайтын ең тиімді жол. Вакцина инфекциямен қатынаста болған кезде микроорганизмдердің дамуына тосқауыл болатын қорғаныш антиденелерді шығарады. Сол кезде ауырған жағдайдың өзінде, ауру жеңіл түрде өтеді. Вакцинация арқылы әр түрлі инфекциялық аурулардың санын азайтуға, ал кейбір ауруларды мүлдем жоюға болады.

Screenshot_15.jpg

Балаларға екпе жасау Ұлттық екпе күнтізбесіне, бекітілген Үкімет қаулысына сәйкес, тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарда жүргізіледі. Бұл күнтізбе балаларды полиомиелит, туберкулез, қызылша, сіреспе, көкжөтел, В вирусты гепатит, А вирусты гепатит, гемофильді инфекция, дифтерияны, эпидемиялық паротит, т.б. ауруларға қарсы қарсы иммундауды қамтиды.

Перзентханадағы жаңа туылған дені сау бала В вирусты гепатитіне және түберкулезге қарсы екпені алуы тиіс(БЦЖ) және 1 жасқа дейінгі дені сау сәби полиомиелит, туберкулез, қызылша, күл, сіреспе, көкжөтел, В вирусты гепатит, А вирусты гепатит, гемофильді инфекция, пневмококқа қарсы екпені алуы тиіс.

Вакцинациялау екі айлық жастан бір айлық екпе аралығында айына үш мәрте интервалмен басталады. 18 айлық кезінде балаға қосымша дифтерияны, эпидемиялық паротит, қызылша, сіреспе, көкжөтелге,гемофильді инфекция, қарсывакциналау жүргізіледі. 1 жастағы бала қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, пневмокок, полиомиелитке қарсы екпені алуы тиіс.

6 жаста бала туберкулез (БЦЖ), көкжөтел, сіреспе, дифтерия, қызамыққа, қызылшаға қарсы, эпидемиялық паротит, пневмококқа қарсы екпеге дағдыланады. 16 жаста дифтерия, сіреспеге қарсы екпелер егіледі және әрі қарай әр 10 жыл сайын жүргізіледі. Көпжылдық талдаулардың нәтижесінде вакцинаға қарсы көрсеткіштер сирек кездеседі. Реакция байқалған кезде елеусіз қызару, вакцина еккен жердің ауырсынуы, елеусіз дене температурасы байқалуы мүмкін. Негізі бұл көрініс 2-3 күн білінбей өтеді.

Вакцина еккеннен кейін қандай да бір реакция байқалып жатса тез арада тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша медицина қызметкерлеріне жолығыңыз немесе жедел көмек шақырыңыз. Вакцинациялаудан бұрын дәрігер тексеруі міндетті түрде жүреді және дәрігердің соңғы тұжырымынан кейін екпе күнтізбесі бойынша екпе жүргізіледі.

 Екпені алған соң тұлға 30 минут денсаулық сақтау ұйымында медицина қызметкерінің бақылауында болады. Әрі қарай емхананың учаскелік медицина қызметкерлері АКДС вакцинасын ККП еккеннен кейін 5-6, 10-11 және еккеннен кейін алғашқы 3 күн ішінде үйде бақылауды қамтамасыз етеді (көкжөтел, дифтерия, сіреспе). Тұрғындарды өз уақытында иммундау және 95 пайыздан кем емес жоғары қамтуға жету жалпы ұжымдық иммунитетті жасауға мүмкіндік туғызады, неғұрлым бұл көрсеткіш жоғарылаған сайын соғұрлым осы және басқа да инфекциялардың таралуына жол берілмейді.

Балаларымыздың  егу күнтізбесіне сай  екпелерді уақытылы, толық алуы тек бала денсаулығына ғана емес, дені сау ұрпақтың қалыптасуының кепілі. Салауатты қоғамды бірге құрайық, балаларымызға екпе ектіруден бас тартпайық.  

А.Исабекова,

Әл-Фараби ауданы СЭББ-ның басшысы