«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы»
Ғимараттар мен құрылыстардың, сондай-ақ олармен байланысты инженерлік ізденістер, жобалау, құрылыс, монтаждау, баптау, пайдалану және кейіннен кәдеге жарату процестерінің қауіпсіздігі, ғимараттың немесе құрылыстың бүкіл өмірлік циклі ішінде параметрлердің және сапалық сипаттамалардың жобалық мәндерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін параметрлерін белгілеу және қолдау арқылы қамтамасыз етіледі.
Ғимараттар мен құрылыстар мынадай базалық талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) механикалық беріктігі мен тұрақтылығы;
2) өрт қауіпсіздігі;
3) санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында;
4) пайдалану процесіндегі қауіпсіздік, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін
қолжетімділік;
5) энергетикалық тиімділік және энергия үнемдеу;
6) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы
жүзеге асырылады.
Ғимараттармен құрылыстарға қойылатын механикалық қауіпсіздік талаптары, өрт қауіпсіздігі талаптары, өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде құрылыс объектісі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес келеді. Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы талаптары ғимараттар мен құрылыстар олардың бүкіл қызмет ету мерзімі ішінде адамдар тұрған және болған кезде ішкі ортаның физикалық, химиялық, биологиялық және өзге де зиянды факторларының адамға әсер етуі салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп жобаланады және салынады.
Ғимараттар мен құрылыстар мынадай талаптарға сәйкес болады:
1) тұрғын үй-жайлардың, қоғамдық ғимараттардың үй-жайларының ауасында және өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағында жабдықпен, құрылыс материалдарымен немесе адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде бөлінетін ластаушы заттардың болуы адам денсаулығы үшін қауіпсіз рұқсат етілген деңгейден аспайды;
2) ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкциялары, олардың инженерлік-техникалық қамтамасыз етудің ішкі жүйелері үй-жайларда немесе қызмет көрсетілетін аймақтарда ауа температурасын, ылғалдылығын және қозғалыс жылдамдығын қоса алғанда, микроклимат параметрлеріне қойылатын нормативтік талаптардың рұқсат етілген мәндер шегінде сақталуын және осы параметрлердің оңтайлы мәндерін қамтамасыз ету мүмкіндігін, сондай-ақ қабырғалардың ішкі беттерінің температурасына, қоршау конструкцияларының жылуға төзімділігі және еден бетінің жылу сіңірілуіне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді; 3) қоршау конструкцияларының сыртқы беттерінен үй-жайларға су ағуының болмауы және конструкциялардың ішкі беттерінде дақтар немесе мұздар түрінде, сұйық түрінде конденсаттың пайда болуына жол бермеу, оның қоршаулардың жарық өткізгіш бөлігінде пайда болуын шектеу, сондай-ақ материалдар қасиеттерінің елеулі өзгерістерінсіз конструкциялардан ылғалды уақтылы жою үшін жағдайлар жасау қамтамасыз етіледі;
4) сумен жабдықтау жүйелері және су құбырының ішкі жүйелері суды үздіксіз және талап етілетін мөлшерде беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді және оның қауіпсіздігіне қойылатын белгіленген талаптардың бұзылуына әкеп соғатын ағып кетулер мен ластануларға жол бермейді;
5) кәріз жүйелері мен желілері сұйық ағындарды сумен жабдықтау жүйесіне түспей, топырақ пен қоршаған ортаны ластамай және қоршаған ортаға оның ластаушы газдарын бөлмей жоюды қамтамасыз етеді;
6) ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайлары мақсатына қарай және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес адамдар мен жануарлардың тыныс-тіршілігі үшін табиғи және жасанды жарықтандырумен, сондай-ақ талап етілетін ұзақтығын инсоляциямен және күннен қорғаумен қамтамасыз етіледі;
7) ғимараттар мен құрылыстар орналастырылуы және қорғалуы, ал олардың үй-жайлары шудың адам денсаулығына және оның ғимаратта немесе құрылыста болуына теріс әсерін болғызбау үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес шудан қорғауды қамтамасыз етуді ескеріп жайластырылады;
8) ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларының технологиялық және инженерлік жабдықтармен, жерасты, жербеті және жерүсті көлігімен және басқа да ықтимал діріл көздерімен жасалатын дірілі, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларында топырақпен, құрылыс материалдарымен, электр беру желілерімен және жабдықпен жасалатын иондаушы және иондамайтын сәулелердің деңгейі белгіленген гигиеналық нормативтер талаптарынан аспайды;
9) ғимараттар, құрылыстар және оларға іргелес аумақтар қалдықтарды жинауға және шығаруға арналған ыдыстармен жабдықталады;
10) ғимараттар мен құрылыстар аумақтарда олардың функционалдық мақсатын ескере отырып орналастырылады, оларды салу, пайдалану және жою процесінде әртүрлі авариялық жағдайлардың туындауы нәтижесінде қоршаған ортаның ластануын қоса алғанда, қоршаған ортаға әсер ету деңгейін сақтау жөніндегі экологиялық нормативтерді ескере отырып жобаланады және салынады.
Құрылыс объектісінде ғимараттар мен құрылыстардың табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін: олардың салдарларының алдын алуға және (немесе) оларды азайтуға бағытталған; құрылыс конструкциялары мен негіздерінің сезімталдығын азайтатын; негіз топырақтарының қасиеттерін жақсарту бойынша; құрылыс жұмыстарын жаңа және (немесе) қолданыстағы қауіпті табиғи процестермен құбылыстардың қарқындатуына алып келмейтін тәсілдермен жүргізу бойынша шараларды көзделеді.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану талаптары.
Құрылыс материалдары мен бұйымдарына қойылатын қауіпсіздік талаптары. Құрылыс материалдары мен бұйымдары құрылыста қолдану үшін жарамды және мақсаты бойынша қолдану мен оларды пайдаланудың белгіленген қағидаларын сақтау жағдайында ғимараттар мен құрылыстардың Техникалық регламенттің базалық талаптарға сәйкестігіне мүмкіндік беретін қасиеттерге ие болады. Құрылыс материалдары мен бұйымдарының Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау сәйкестікті міндетті растау (сертификаттау және сәйкестікті декларациялау) нысандарында жүргізіледі. Сәйкестікті растауды сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар өтініш берушімен шарт талаптарында жүргізеді.Техникалық регламенттің маңызды қауіпсіздік талаптарына міндетті сертификаттау нысанында сәйкестігін міндетті растауға жататын құрылыс материалдары мен бұйымдарының тізбесі Техникалық регламенттің 4-қосымшасында келтірілген. Өнімді таңбалау және сәйкестік белгілері. Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті бағалау қағидаларына сәйкес сертификат берумен сәйкестікті растау рәсімінен өткен құрылыс материалдары мен бұйымдары, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 348-НҚ бекітілген бұйрығымен «Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22836 болып тіркелген), сәйкестік белгісімен таңбаланады. Сәйкестік белгісі сертификатталатын өнімнің әрбір бірлігіне қолданылады. Құрылыс материалдары мен бұйымдарының сәйкестігін декларациялау жүргізіледі.
К.Баймусанова,
Шымкент қаласы Тұран ауданының СЭББ техникалық
регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы
Бөлісу тақырыбы: «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы»