Ет және ет өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі
Ет – халық жиі тұтынатын негізгі тағамдардың бірі. Оның құрамында көптеген минералдар, дәрумендер, әминқышқылдары, ақуыздар бар. Әсіресе, еттің құрамында темір, фосфор, А, В1, В6, В12 дәрумендері көп.
Сонымен қатар, ет қоздырғыштары табиғи жағдайда адамдарға берілетін жұқпалы аурулардың, зооноздардың және бірқатар гельминтоздардың таратушы факторына айналуы мүмкін. Сондықтан, қауіпсіз болу үшін ет және ет өнімдерін белгіленбеген сауда орындарынан сатып алмау керек.
Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі Кеден Одағының 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», 021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерімен реттеледі.
Техникалық регламент талаптарына сәйкес, сыртқы қаптамада ет өнімдерінің атауы, құрамы, таза салмағы, дайындалған күні және буып-түю күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының атауы және орналасқан жері, өнімнің тағамдық құндылығының көрсеткіштері көрсетілуі тиіс. Барлық сатылатын ет өнімдеріне оның қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжаттары (жүкқұжат, сәйкестік туралы декларация, ветеринарлық сертификат немесе ветеринарлық паспорт) болуы тиіс.
Ет өнімдерін сатып алмас бұрын қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өткендігіне көз жеткізіңіз. Қажет болса, сіз әрқашан сатушыдан сатып алынатын өнімге қажетті барлық құжаттарды сұрай аласыз.
Оған қоса еттің органолептикалық көрсеткіштеріне баса назар аударыңыз:
• түсі – қызғылт, майы ақ не сары;
• дәмі мен хош иісі – бөтен иіссіз, өзіне тән;
• консистенциясы – серпімді болуы керек.
Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қала тұрғындарын ет және ет өнімдерін сатып алу кезінде бүліну, ыдырау, ластану белгілері бар, таңбалануда жарамдылық мерзімі көрсетілмеген немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдерді сатып алмауды ұсынады.
Г. Жолымбекова,
Шымкент қ. СЭБД бөлім басшысы